Сирия бойынша Астана процесінің кезекті раунды туралы

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Астана процесінің кепілгер елдері Сирия бойынша кезекті 9-шы Халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу 2018 жылғы 14-15 мамырда Қазақстанның астанасында өтетінін растады деп хабарлайды.

Кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркиядан басқа кездесуге Сирия үкіметі мен оппозициялық топтардың делегациялары, сондай-ақ БҰҰ және бақылаушылар ретінде АҚШ пен Иордания шақырылды.

Кепілгер елдерден түскен ақпаратқа сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы, оның ішінде деэскалация аймақтарындағы қазіргі жағдайды қарастыруға, гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылауға, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу үдерісін ілгерілету бойынша келесі қадамдарды үйлестіруге ниетті.

Екіжақты және көпжақты консультацияларды 14 мамырда, ал пленарлық отырысты 15 мамырда өткізу жоспарлануда.

Қосылған : 9.05.2018, 12:10, Өзгертілген : 9.05.2018, 12:10