ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес

ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – ҚК) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V заңына және ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығына сәйкес құрылды.

ҚР СІМ жанындағы ҚК құру барысында оның құрамына Сыртқы саяси ведомствоның 8 өкілі және қоғамның, депутаттық корпустың, сарапшылар тобы мен ҮЕҰ-ның 22 өкілі кірді. ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы Кеңестің төрағасы болып табылады.

Іс-шаралардың қорытындылары бойынша тиісті жұмыс топтарды құру және олардың жұмысын үш негізгі бағытта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды:

ҚР СІМ бастамаларын ішкі саяси алаңда ілгерілету және ақпаратты халыққа жеткізу мақсатында БАҚ-пен жұмыс;

Ақпараттық-талдамалық жұмыс, Сыртқы істер министрлігіне қатысты проблемалық және маңызды мәселелер бойынша петицияларға, өтініштерге, қоғамдық сараптамаларға қажетті материалдар дайындау;

  • Қоғаммен және ҮЕҰ-мен байланыс.
  • Бүгінгі күнге дейін ҚК-тің бес отырысы өтті, нақты айтқанда 2016 жылы 17 мамырда, 28 қыркүйекте, 2017 жылы 31 қаңтарда, 29 мамырда, 15 қарашада және 2018 жылы 4 сәуірде.
  • Кеңестің кезекті жетінші отырысы 2018 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Қосылған : 10.05.2018, 14:50, Өзгертілген : 10.05.2018, 14:50