​Брюссельде Қазақстан мен Фландрия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 29 сәуір – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан Фландрияның Жұмыспен қамту, экономика, инновациялар және спорт министрі Филипп Муйтерспен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы мұнай-химия, аграрлық және жаңа технологиялар салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Фламанд министрінің айтуынша, Қазақстан тамаша жетістіктерді көрсетуде. Бұған «EXPO-2017» көрмесінің табысты ұйымдастырылуы дәлел. Осы көрмеге Ф.Муйтерс «VOKA» Лимбург сауда-өнеркәсіптік палатасы делегациясының басшысы ретінде келген.

Осыған байланысты таза технологиялар және орнықты даму саласындағы «VITO» фламанд ұйымы мен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды даму бойынша халықаралық орталығы арасындағы ынтымақтастық перспективалары атап өтілді. Бельгиялық тарап қаржылық технологиялар саласындағы жоғары технологиялы бельгиялық компаниялар мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастықты орнатуға қызығушылық білдірді.

Тараптар тауар айналымының артуын қошеметтеді – соңғы кездерде Фландриядан Қазақстанға экспорт көлемі 20%-ға өсті, ал қазақстандық тауарлардың Фландрияға импорты 100% -ға өсті.

Фламанд министріне еліміздің инвестициялық саясатының негізгі бағыттары, атап айтқанда, Инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, «Kazakh Invest» ҰК, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды даму бойынша халықаралық орталығының қызметтері туралы ақпарат берілді.

2019 жылғы 4-7 маусымда Нұр-Сұлтанға және Алматыға жоспарланған Бельгия кәсіпорындарының ірі экономикалық миссиясын ұйымдастыру мәселесі кездесудің бөлек тақырыбы болды. Министр Ф.Муйтерстің айтуынша, аталған миссияға 20-дан астам фламанд кәсіпорындары қатысады.

Қосылған : 3.05.2019, 20:45, Өзгертілген : 3.05.2019, 20:45