Қазақстан және Дүниежүзілік кеден ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың келешегі Брюссельде талқыланды

2018 жылғы 30 қазанда Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Кунио Микуриямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ағымдағы сұрақтар мен Қазақстан және ДКҰ арасындағы ынтымақтастық келешегі талқылады.

А.Құспан Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастыққа үлкен назар аударатынын атап өтті. Біздің еліміз 1992 жылы маусымда ДКҰ-ға қосылды және оның сайланбалы органдарында, оның ішінде Қаржы комитеті, Саяси комиссиясы және Кедендік ынтымақтастық Кеңесінде белсенді жұмыс атқарады.

Елші Ұйым жағынан Қазақстанға көрсетілетін, соның ішінде диагностикалық миссиялар және техникалық көмек түріндегі қолдауын жоғары бағалады. Сонымен қатар, А.Құспан Қазақстан өз кезегінде жыл сайын Астаналық экономикалық форумының (АЭФ) алаңында кеден ісіне арналған жиындарды және іс-шараларды өткізетінін және ДКҰ жобаларын бұдан әріде жылжытуға дайын екендігін атап өтті.

К.Микурия біздің елімізбен ДКҰ әрекеттестігінің нысандылығын атап өтіп, ұйым шеңберіндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол Қазақстанмен ынтымақтастық уақыты барысында кедендік басқаруда қол жеткізген елеулі прогресін атап өтті.

Қосылған : 1.11.2018, 16:15, Өзгертілген : 1.11.2018, 16:15