Шақыруларды рәсімдеу тәртібі

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабының 4-1 тармағына сәйкес, Ішкі істер органдары ҚР-ға жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі.

Сондай-ақ, Ү.ж. 1 қантарында күшіне енген ҚР ІІМ 2016 жылғы 28 қарашадағы №1100 және ҚР СІМ 2016 жылғы 24 қарашадағы
№11-1-2/555 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының визаларын алуға шақыру ресімдеу үшін шақырушы тарап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты толық мәліметтерді белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінінің аумақтық бөлімшелеріне алдын-ала жолдайды, ал ҚР СІМ және ҚР шетелдердегі мекемелері ҚР визаларын ресімделген шақыру негізінде береді.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі (Заңның 10-бабы).

Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру болжамды келу күніне бір жылдан ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі.

Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі.

Шақыруды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні (жүгінген күннен бастап).

Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ-ге ұсынады:

1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:

жеке басты куәландыратын құжат;

өтініш-сауалнама;

мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатын келісу үшін:

Қағидаларға сәйкес екі данада толтырылған кесте;

мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

Шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер тапсыратын, сондай-ақ сұратылған визаның санатына қарай қосымша ұсынылатын құжаттар тізімін Қағидаларда көруге болады.

ҚР визасын беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.

ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де визаларды беру үшін келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

1) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидаларда көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;

3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған жәнеҚазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;

4) консулдық алым төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;

5) Қағидаларда көзделген жағдайда виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

«В9» және «С1» санаттарындағы визалардан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.

ҚР шет елдердегі мекемелерінде «В9» және «С1» санаттарындағы визаларды ресімдеу мерзімдері 5 айды құрайды және ұсынылған визалық құжаттарды мұқият зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 айға дейін ұзартылады.

Қосылған : 3.06.2017, 00:00, Өзгертілген : 3.06.2017, 00:00