Қазақстан азаматтары үшін жапон визасын алу тәртібі

Жапонияға қысқа мерзімді визаны (90 күнге дейін) ресімдеуге арналған қажетті құжаттар:

1. Туристік мақсатпен баратын жағдайда

(1) Бұған дейін Жапонияның туристік компаниялары тарапынан талап етіліп келген барлық құжаттарды (болу бағдарламасы, кепіл xат және т.б.) тапсыру қажет емес. Өтініш білдіруші дайындайтын құжаттарды ғана тапсыру қажет.

(2) Өтініш білдіруші визалық сауалнамадан (2 дана), суреттен (2 дана), шетелдік паспорттан тыс, сапар шығындарын төлеу қабілеттігін растайтын құжат (банктік есепшоттың үзінді көшірмесі және т.б.), болу бағдарламасы, сондай-ақ әуебилеттердің бронін растайтын құжатты тапсыру қажет.

(3) Жапонияға бірнеше рет баратын жағдайда, көп мәртелі визаны алу мүмкін болады (ең ұзағы 5 жылға дейін).

2. Іскерлік сапар бабында, конференцияларға қатысу және мәдени алмасу бойынша сапармен баратын жағайда

(1) Өтініш білдіруші сапар шығындарын өз мойнына алған жағдайда, Жапония тарапынан сапарға шақыру себептерін түсіндіретін шақыру xатын және болу бағдарламасы жеткілікті. Өтініш білдіруші визалық сауалнамадан (2 дана), суреттен (2 дана), шетелдік паспорттан, жұмыс орнынан анықтамасынан басқа іссапарға жіберу туралы бұйрықты және әуебилеттердің бронін растайтын құжатты қоса беруі тиіс.

(3) Шақырушы Жапония тарапы жол шығындарын өтейтін жағдайда, бұрынғыдай, шақырудың себептерін түсіндіретін шақыру xатын, болу бағдарламасын, кепіл xат, шақырушы ұйымға қатысты құжатты таспыру қажет

(3) Жапонияға барына қолдану мерзімі 5 жылға дейінгі көп мәртелі визаны алу мүмкін болады (бұдан бұрын 3 жыл болған).

3. Туысқандарға немесе таныстарға баратын жағдайда

(1) Өтініш білдіруші сапар шығындарын өз мойнына алған жағдайда, Жапония тарапынан сапарға шақырудың себептерін түсіндіретін шақыру xаты және болу бағдарламасы жеткілікті. Өтініш білдіруші визалық сауалнаманы (2 дана), сурет (2 дана), шетелдік паспортты, туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды, сапардың шығындарын төлеу қабілеттігін растайтын (банктік есепшоттың үзінді көшіресі және т.б.) және әуебилеттердің бронін растайтын құжаттарды тапсыруы тиіс.

(2) Шақырушы Жапония тарапы жол шығындарын өтейтін жағдайда, бұрынғыдай шақырудың себептерін түсіндіретін шақыру xатын, болу бағдарламасын, кепіл xатын, кепіл беретін адаммен қарым-қатынастарды растайтын құжаттарды тапсыру қажет.

(3) Жапонияға бірнеше рет баратын жағдайда, көп мәртелі визаны алуға мүмкіндік туады (ең ұзағы 5 жылға дейін).

Егжей-тегжейлі ақпарат бойынша Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Елшілігінің консулдық бөліміне 8(7172) 977-872 xабарласуды немесе аталған Елшіліктің сайтындағы қағидалармен танысуларыңызды сұраймыз http://www.kz.emb-japan.go.jp/itprtop_ja/index.html

Қосылған : 16.06.2017, 16:30, Өзгертілген : 16.06.2017, 16:30