Қазақстанның Елшісі Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарымен кездесті

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан  Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Давлатали Саидпен кездесу өткізді.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен ТР Президенті Эмомали Рахмонның 2018 жылғы наурызда Нұр-Сұлтанға жасаған ресми сапары, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы маусымда Душанбе қаласына жұмыс сапары және ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің 2019 жылғы шілдедегі ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы тұрғысында талқыланды.

Тараптар өзара сауданың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін атады.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат Д.Саидқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазақстан-тәжікстан қарым-қатынастарын стратегиялық әріптесік рухында нығайту ісінде жемісті ынтымақтастыққа дайындығын жеткізді.

Қосылған : 2.09.2019, 10:00, Өзгертілген : 2.09.2019, 11:00