Малайзия Парламентінде Қазақстанмен Достық тобы құрылады

КУАЛА-ЛУМПУР, 2019 жылғы 10 қыркүйек - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының (Парламенттің төменгі палатасы) Спикері Мохамад Ариф Юсофпен кездесті.

Қазақстандық дипломат Спикерді мемлекет басшысы - елдің Жоғарғы билеушісінен жоғары мемлекеттік награда - «Тан Сри» атағын алуымен құттықтады.

М. Юсоф жылы құттықтауларға алғыс білдіре отырып, ү.ж. 23-24 қыркүйек кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері төрағаларының IV кеңесіне қатысуын қайтадан растады. 

Кездесу барысында Б.Иманбаев Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерімен, Президенттің соңғы Жолдауының негізі басымдықтарымен хабардар еттіп, екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен оның болашағымен таныстырды. Сонымен қатар, Еуразия елдерінің парламенттері төрағаларының IV кеңесіне малайзиялық тарапының жоғары деңгейде қатысуына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, М.Юсоф екіжақты қатынастардың деңгейіне жоғары баға бере отырып, Малайзияның Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті әрі қарай нығайтуға және кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Саясаткер Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының депутаттар арасынан Қазақстанмен парламенттік достық тобын құру туралы ҚР Елшілігінің ұсынысын қолдау туралы шешімімен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде тараптар екі ел арасындағы жан-жақты өзара тиімді әріптестікті дамытуға ниеттерін білдірді.

Қосылған : 10.09.2019, 17:00, Өзгертілген : 10.09.2019, 17:00