Қайрат Әбдірахманов Швеция Короліне сенім грамоталарын тапсырды

СТОКГОЛЬМ, 2019 жылғы 8 мамыр - Қазақстанның Елшісі Қайрат Әбдірахманов Швецияның Королі Карл XVI Густавқа сенім грамоталарын тапсырды. «Кунглига-Слоттет» Патша сарайында өткен салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық дипломаттың швед мемлекетінің басшысында аудиенциясы өтті.

Король Қазақстан басшылығының өзгеруіне байланысты елдің дамуындағы қазіргі саяси кезеңімен, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайтудағы, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, Қазақстандағы сыртқы саяси бағыт пен ішкі саясаттың сабақтастығындағы рөлі мен еңбегімен танысты. Біздің елдегі биліктің тыныш және ойластырылған транзитіне қатысты шетелдік серіктестермен берілген жоғары бағалары атап өтілді.

Қазақстан астанасын көшіру мен Нұр-Сұлтан қаласының даму тәжірибесі Швеция Королінің қызығушылығын туғызды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай кеңеюіне сенім білдіріп, Қазақстанның дамуына табыс тіледі.

Елбасының сенімді қалпына келтіру мен жаһандық және аймақтық деңгейдегі саяси, экономикалық диалогты нығайтуға бағытталған халықаралық ірі бастамалары талқыланды.

Екіжақты қатынастарды, сауда айналымын, инвестицияны тартуды тереңдетуде өзара қызығушылық көрінді. Басты бағыттардың бірі – Швецияның үлкен тәжірибесі бар тұрақты даму, жасыл экономика, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесіп алға жылжыту болды.

Қазақстанның Швециядағы Елшілігі 2013 жылы ашылды. 2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында Швецияның Елшілігі жұмыс істейді.

Екіжақты қатынастардың дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004 ж. қазандағы Швецияға ресми сапары үлкен маңызға ие болды.

Соңғы жылдары Швецияның үкіметтік және іскерлік топтары Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен қызығушылық танытуда. 2015 жылы Швецияның Үкіметі Қазақстанды швед өнімін экспорттау үшін 26 басым елдердің тізіміне енгізді. Швеция Қазақстанның Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі басты сауда әріптесі болып келеді. 2018 жылы екі арасындағы сауда айналымы 448,4 млн. АҚШ долл., соның ішінде, экспорт – 305,2 млн., импорт – 143,2 млн. жетті.

Қазіргі кезде Қазақстанда денсаулық сақтау, телекоммуникациялық технологиялар, энергетика мен қоршаған орта, көлік, білім беру және т.б. салаларда қызмет істейтін швед компанияларының 30-дан астамы ұсынылған. Олардың ішіндегі 15 компания Қазақстандағы өздерінің өкілдіктерін Орталық Азияның басқа мемлекеттерінде бизнес жүргізуі үшін қолданады.

Қазақстанда Швецияның Ericsson, Volvo, Scania, ABB, Atlas Copco, Electrolux, Oriflame, H&M сияқты ірі компаниялары қызмет етеді.

Каролинска, Уппсала және Лунд университеттерінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы Қазақстанның магистранттары мен докторанттары білім алады.

Қазақстан мен Швеция 2017-2018 жж. БҰҰ-ның ҚК тұрақты емес мүшелігі кезінде бірлескен жемісті жұмысын көрсетті. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақты даму мен бітімгершілікті қамтамасыз ету саласындағы біздің мемлекеттердің арасындағы саяси және дипломатиялық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Фотосуреттер: Copyright Kungl. Hovstaterna,

foto Emma Fredriksson

Қосылған : 8.05.2019, 21:40, Өзгертілген : 8.05.2019, 21:40