​Қазақстан Елшісі Сан-Марино Республикасының басшылығына сенім грамотасын тапсырды

2017 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстанның Елшісі Сергей Нұртаев Сан-Марино Республикасының Капитан-Регенттері Маттео Фиориниге және Энрико Караттониге салтанатты түрде сенім грамотасын табыстады.

Сенім грамотасын қабылдау кезінде Сан-Марино басшылығы Елшіні жылы лебізбен қарсы ала отырып, оны тағайындаумен құттықтап, қазақстан-сан-маринолық ынтымақтастықты жылжытуда табыс тіледі.

Кездесу аясында С. Нұртаев Сан-Мариномен өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін ашуға еліміздің мүдделілігін атап өтті. Отандық дипломат сондай-ақ туризм және білім беру саласындағы ынтымақтастық үшін қолда бар мүмкіндіктерді атап өтті.

Әңгімелесу барысында елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі жобасының сәтті өткізілуі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі туралы ақпараттандырды.

Сонымен қатар, дипломат Капитан-Регенттерді Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде экономиканы әртараптандыру және бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін Ұлт Жоспары «100 нақты қадам», инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарын жүргізу жөнінде хабардар етті.

Қосылған : 6.12.2017, 15:10, Өзгертілген : 6.12.2017, 15:10