Қазақстан Елшісі Вильнюс университетіне барды

2019 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев Вильнюс университетіне (ВУ) барып келді.

В.Темірбаев ВУ ректоры А.Жукаускаспен кездесу барысында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, оның ішінде білім және жастар саясаты саласындағы мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, ректорға Қазақстандағы өтуі жоспарланған «International Education Fair 2019» атты халықаралық білім жәрмеңкесіне қатысуға шақыру табысталды.

Бұған қоса, Қазақстан Елшісінің академиялық байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылауы ВУ Филология факультеті және Азия елдері институтының профессор-оқытушылары құрамымен жалғасты.

Атап айтқанда, қазақстандық дипломат Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнын декандармен және оқытушылармен талқылап, жиналғандарға Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған Елшілік 2020 жылға жоспарланған мерекелеу туралы, сондай-ақ «Литвадағы Қазақстандық көктем» шеңберінде өткізілетін мәдени іс-шаралар туралы хабардар етті.

Биыл Вильнюс университеті өзінің 440 жылдық мерейтойын атап өтетін - Солтүстік Еуропадағы ежелгі университеттердің бірі болып табылатынын және ең үздік 500 университеттің қатарына кіретінін айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда университеттің 6 қазақстандық университетімен серіктестігі орнатылған, ал Вильнюс университетінде 20 қазақстандық студент білім алуда.

Қосылған : 18.09.2019, 16:00, Өзгертілген : 18.09.2019, 16:00