Қазақстан Елшілігі «Charity bazaar 2018» қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

2018 жылғы 8 желтоқсанда Киевте Қазақстанның Елшілігі жыл сайынғы «Charity bazaar 2018» қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңкеде Киевте аккредиттелген 40-тан астам Елшілік және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік компаниялардың павильондары таныстырылды.

Жәрмеңке қонақтары Қазақстан туралы туралы кітаптар және ұлттық нақыштағы кәдесыйлар, танымал қазақстандық суретшілер еңбектерінің репродукциясын, сондай-ақ қазақс халықының ұлттық тағамдарын (бауырсақ, самса, хворост, чак-чак және т.б. кондитерлік өнімдер) сатып ала алды.

Қазақтың "Балбырауын" және "Көңіл толқыны" күйлері жәрмеңке қатысушыларының көңілінен шықты.

Жиналған қаржының барлығы украиналық жетім және ерекше қажеттілікті талап ететін балалар, Украинаның оңтүстік-шығысындағы мәжбүрлі қоныс аударғандарға жіберілетін болады.


ҚР Украинадағы Елшілігі





Қосылған : 10.12.2018, 10:40, Өзгертілген : 10.12.2018, 10:40