Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының Дайындық комиссиясының қорытынды отырысы барысында Қазақстанның Венадағы Тұрақты Өкілі Елбасы бастамаларын жүзеге асыруына шақырды

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты (ЯСЖТШ) ұйымының Дайындық комиссиясының 49-отырысы 2017 жылғы 13-15 қараша аралығында Венада өтуде. Аталған отырысқа Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбайдың басқаруымен қазақстандық делегация қатысуда.

Отандық дипломат өз сөз сөйлеуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ү.ж. 29 тамызда Астанада өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған банкінің ғимаратын ашылу рәсімі барасында ұсынған ядролық қарусызданы мен таратпау саласындағы бастамаларды және ү.ж. тамыздың аяғында Астанада өткен Пагуош конференциясының қорытындыларын атап өтті.

Қ.Сарыбай Қазақстан мен Жапонияның халықаралық қауымдастықтың назарын ядролық сынақтарға жедел түрде жаппай тыйым салу қажеттілігіне назар аудару мақсатында айтарлықтай жұмыс жүргізгенін мәлімдеді. Тұрақты Өкіл ЯСЖТШ күшіне ену мәселесі жөніндегі Конференцияда тең төрағалық шеңберінде Қазақстан мен Жапонияның көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Синзо Абэ ЯЖСТШ тарихында бірінші рет бірлескен құжатқа қол қойып, осы Шартты ратификацияламаған мемлекеттердің басшыларын ЯСЖТШ ратификациялауға шақырғанына назар аударды.

Қ.Сарыбай Қазақстанның ЯСЖТШ Ұйымының Дайындық комиссиясының мақсаттарын, соның ішінде Шартпен көзделген ядролық сынақтарды бақылаудың бүкіл элементтерін құруын жүзеге асыруға саяси және практикалық қолдау көрсететінін атап өтті.

Қазақстанның ЯСЖТШ күшіне енуіне қолғабыс көрсету екі жылдық процессінің шеңберіндегі тең төрағасы ретінде қызметіміз ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен таратпау бойынша бастамаларын жүзеге асыруының жалғасуы болып, еліміздің ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу үрдісіне үлесі ретінде саналуда.
Қосылған : 13.11.2017, 15:30, Өзгертілген : 13.11.2017, 15:30