Халықаралық қатысушыларды тарту

 

Халықаралық қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті және Премьер-Министрдің атынан шақыру хаттары жолданды. Қазақстан қатысушыларды шақыру құқығына 2014 жылдың 11 маусымында Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының кезекті 155-ші Бас ассамблеясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі ретінде ресми танылғаннан кейін ие болды.

Жалпы «ЭКСПО-2017» көрмесіне 100-ден аса мемлекет пен 15 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде.

Көрмені сапалы толтыру мақсатында «ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушыларын тарту стратегиясы жетілдірілді.

Қазіргі таңда (2016 жылдың 11 наурызындағы мәлімет бойынша) 76 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады. 42 Қатысу шартына қол қойылды.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық қатысушыларды тарту мақсатындағы келіссөздер үрдісі белсенді түрде атқарылып жатыр.

 

 

Қосылған : 16.03.2016, 11:22, Өзгертілген : 16.03.2016, 11:22