​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі отырысының Хаттамасы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі отырысының

Хаттамасы

Астана қ. № 2 2018 жылғы 9 қараша 17 сағ. 00мин.


Төрағалық еткен: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Қ. Әбдірахманов

Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің мүшелері және шақырылған мамандар қатысты: (тізім бойынша).

Күн тәртібі:

1. Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Елшілігінде (бұдан әрі - Елшілік) өткізілген аудиторлық іс-шара және 2018 жылғы 8 қазандағы №17 аудиторлық есебіне (бұдан әрі – аудиторлық есеп) Елшіліктің ұсынылған қарсылығы туралы.

3. Елшіліктің 2018 жылғы 19 қазандағы аудиторлық есепке ұсынылған қарсылықтарын мен ескертулерін қарау туралы.

3. Аудиторлық есепке ұсынылған қарсылықтарды қарау қорытындысы бойынша ҚР СІМ Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) шешімі туралы.

Кеңес Төрағасымен аудиторлық іс-шараның нәтижелерін және Елшіліктің аудиторлық есебіне қарсылықтарын қарау үшін Кеңес отырысының күн тәртібін бекіту туралы ұсыныс жасалды.

1. Бірінші мәселе бойынша ІАҚ басшысы Э.С. Нұрқанова ҚР СІМ ІАҚ аудиторлар тобы Э.С. Нұрқанова, Ғ.М. Тәңірбергенова, Г.С. Даукенова және «ҚР СІМ ШБ» РМК маманы Н.Б. Өтеевпен Елшілікте жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелерімен Кеңес мүшелерін таныстырып сөз сөйледі.

2. Екінші мәселе бойынша ІАҚ мемлекеттік аудиторлары Э.С. Нұрқанова, Г.С. Даукенова ҚР Франция Республикасындағы Елшілігінің 2018 жылғы 19 қазандағы аудиторлық есепке қарсылықтары мен ескертулерін таныстырып сөз сөйледі.

3. Жеке мәселелер бойынша Кеңес мүшелері Е.Б. Көшербаев, Ж.Қ. Сарыева, А.А: Тұрғанбеков және «ҚР СІМ ШБ» РМК маманы Н.Б. Өтеев, С.Б. Жүнісов аудиторлық есепте және Елшіліктің қарсылықтарында көрсетілген мәселелер бойынша сөз сөйледі.

4. Дауыс беру нәтижелері:

1) 4 және 23-тармақтар бойынша қарсылық бірауыздан қабылданды;

2) 9, 19-22-тармақтарға қатысты қарсылық көпшілік дауысымен қабылданбады;

3) 10-18, 24, 25-тармақтарға қатысты қарсылық бірауыздан қабылданбады.

5. Мемлекеттік аудиторлардың Елшіліктің қарсылықтарын қабылдамау себептері туралы ақпаратына сәйкес, Елшіліктің қарсылықтары мен ескертулерін қарау нәтижелері бойынша Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес ШЕШТІ:

1. №№ 4 және 23-тармақтар бойынша Елшіліктің қарсылықтары мен ескертулері қабылдансын.

2. №№ 9,19 – 22, 24, 25-тармақтарын бұзушылықтар бойынша Елшіліктің қарсылықтары мен ескертулері қабылданбасын.

3. ІАҚ қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша Кеңестің шешімін ескере отырып, ішкі аудиттің нәтижелері туралы есепті дайындасын.

4. Елшілік ішкі аудит нәтижелері туралы есепке сәйкес, аудиторлық іс-шаралар нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

Осы шешімнің орындалуын бақылау ҚР СІМ ІАҚ басшысы Э.С. Нұрқановаға жүктелсін.

Төраға Қ. Әбдірахманов

Кеңес хатшысы Ғ. Тәңірбергенова


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрілігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің отырысына қатысушылардың тізімі

Астана қ.

2018 жылғы 9 қараша

Төраға:

1. Қ.Қ. Әбдірахманов

Кеңес мүшелері:

2. Е.Б. Көшербаев

3. Т.М. Жұмағұлов

4. Е.С. Қыстафин

5. Ж.Қ. Сарыева

6. Д.Б. Батаева

7. А.А. Тұрғанбеков

8. Е. Мұхтарұлы

9. Э.С. Нұрқанова

10. Г.С. Даукенова

Шақырылғандар:

Н.Б. Өтеев

С.Б. Жүнісов

Қосылған : 16.11.2018, 15:05, Өзгертілген : 16.11.2018, 15:05