ҚР СІМ Баспасөз хатшысының ҚР азаматы А.Тәжаяқовқа қатысты түсініктемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің азаматтары А.Тәжаяқов пен Д.Қадырбаевқа қатысты сот үдерісін мұқият бақылап отыр. Нью-Йорктегі Қазақстанның консулы барлық сот отырыстарына бақылаушы ретінде қатысып келеді.

Нью-Йорктегі консулдығымыздың хабарлауынша, Азамат Тәжаяқовты тергеу ісіне кедергі келтіргені үшін кінәлі деп тапқан қазылар сотының шешіміне оның адвокаты шағым беруді жоспарлап отыр. А.Тәжаяқов қорғаушысы шағымды ү.ж. 27 тамызға дейін беруі қажет. Шағым бойынша жауап 22 қыркүйекке дейін берілуге тиіс.

Қосылған : 22.07.2014, 18:16, Өзгертілген : 31.07.2014, 11:46