ҚР СІМ Баспасөз қызметінің Йеменнен шығарылған ҚР азаматтары туралы түсініктемесі

Ү. ж. 12 сәуірде Йеменнен Ресей ТЖМ арнайы бортымен 150 адам шығарылған болатын. Солардың ішінде ҚР азаматтары 1981 жылы туылған Қазақстан азаматшасы Оксана Золотун және оның екі баласы болды.

Мәскеуде азаматшамызды балаларымен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Оларға уақытша баспана беріліп, консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

Қосылған : 13.04.2015, 15:07, Өзгертілген : 13.04.2015, 15:07