​Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 9-шы кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 9-шы жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2018 жылғы 14-15 мамырда орын алады.

Сіздерді 15 мамырда «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).

Аккредиттеу үшін 2018 жылғы 11 мамырға сағат 14.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын, паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін және ресми бланкіде БАҚ басшысы/бас редакторының жазылған хатын «Syria Talks 9» тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Қосылған : 10.05.2018, 12:20, Өзгертілген : 10.05.2018, 12:20