Шетелдік азаматтарды ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелерінде тіркеу

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларымен бойынша Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, бес тәуліктің ішінде, демалыс күндерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жарияланған мемлекеттік мерекелерді және мереке күндерді қоспағанда, қабылдаушы ұйымының жазбаша қолдаухаты немесе шетелдіктердің арыздары негізінде, ішкі істер органдарында тіркелулері тиіс, тіркеуге жатпайтын шетелдіктерді қоспағанда.

Егер Қазақстан Республикасы тиісті тараппен жасасқан келісім немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда уақытша тұруға (тіркеуге) рұқсаты болуы қажет.

Шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады.

Қабылдаушы адамдар өздерінде болатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Көрсетілген мерзімдерді есептеу шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен немесе қабылдаушы адамға келген тәуліктің 00.01 сағатынан басталады.

Шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Тіркеу шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың ұлттық паспортының және визаның қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

Келуі мен болуының визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу визасыз болу рұқсат етілген мерзімге жасалады. Егер нақты мерзім белгіленбеген жағдайда, тіркеу Қазақстан Республикасына келген күннен бастап отыз тәуліктен, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге ресімделеді.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға ресімделген рұқсаты бар шетелдіктерді, еңбекші көшіп келушіні, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тіркеу сол рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген рұқсаттарды алу қажет етілмейтін шетелдіктерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тіркеу жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген шетелдіктерді тіркеу бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауы тиіс.

Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына шетелдіктерді тіркеу "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерге ресімделеді.

Қылмыстық процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған шетелдіктерді тіркеу Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді.

Қылмыстық процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған шетелдіктерді тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге ресімделеді.

Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде босатылған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды тіркеу тағайындалған жазаның мерзіміне не жазаның өтелмеген бөлігіне ресімделеді.

Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерді тіркеу жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Бизнес-көшіп келуші болып табылатын шақырушы адамның отбасы мүшелерін тіркеу жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға жүзеге асырылады. Бұл ретте шақырушы адамның отбасы мүшелерін тіркеу шақырушы адамды тіркеудің қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

Паспорттарды тіркеуден:

дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар;

Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының "дипломатиялық", "қызметтік" және "инвесторлық" санаттағы визаларымен келген немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар мәселелері жөніндегі уәкілетті органынан "инвестор" мәртебесін растаған кезде (визасыз болу режиміндегі елдер үшін);

16 жасқа толмаған шетелдіктер босатылады.

Шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы адам бұл туралы ішкі істер органдарына үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Тұрақты немесе уақытша тұратын жері өзгерген жағдайда, шетелдіктер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға ішкі істер органдарына өтініш білдірген шетелдіктерді тіркеу өтінішті қарау үшін қажет кезеңге, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Бизнес-көшіп келушінің визасы бойынша елге келген шетелдік ішкі істер органдарында визаның қолданылу мерзіміне тіркеледі. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:

1)шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауысу шеңберінде келген көшіп келушілер;

2)бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

3)маусымдық шетелдік қызметкерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

4)еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушінің рұқсаты негізінде жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй жұмыскерлері ретінде келген көшіп келушілер. Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті атқарушы органның немесе ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, маусымдық шетелдік қызметкерлер, гуманитарлық себептер бойынша келетін көшіп келушілер жалпы негізде тіркеледі.

Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасына визаcыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге "іскерлік" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттердің азаматтарының инвестор мәртебесін дәлелдейтін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты болған кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге "инвесторлық" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекші көшіп келушілері және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына визасыз келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде визасыз болады және кетеді, сонымен қатар тіркеу жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасында визасыз және тіркеусіз болады.

Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде жазаланған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тіркеу мерзімі ішінде визасыз болады. Қазақстан Республикасынан кету үшін оларға тиісті санаттағы виза ресімделеді.

Босатылады:

-Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттермен жасасқан шартына сәйкес Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының азаматтары елге кіркен күннен бастап 30 тәуліктің ішінде тіркелуден;

-Егер Украина азаматтары Қазақстан Республикасына кірген кезінде көші-қон карточкаларына шекара бақылау органдарымен белгі қойылған болса, бірінші рет кірген күнінен бастап жүз сексен (180) күн бойына тоқсан (90) күннен аспаған мерзім ішінде олардың келген жері бойынша Ішкі істер органдарында тіркелуден босатылады.

48 елдің азаматтарының тіркеуі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 14531 болып тіркелді) ҚР қызметтік, іскерлік, жеке іске арналған және туристтік визаларды ресімдеу кезінде, шақыруды қажеттілік ретінде ұсынуға босатылған, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының және Еуропалық Одақтың мемлекет-мүшелері, Малайзия, Монако, Біріккен Араб Әмірліктері және Сингапур (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 Қаулысы) Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткен кезінде тікелей жасалады.

Шетел азамматарды тіркеу үшін электрондық үкімет желісі арқылы жеке және заңды тұлғалардың, сондай ақ қонақ үйлер, электрондық өтінімдерін бойынша автоматтандырылған режімінде жүзеге асыру болады (миграциялық карточкаға қағаз нұсқасында қосымша парақ қосылады, қосымша парақта шетел азаматтының мәліметтері, тіркеу күні және болуы кезеңі көрсетілген).

Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

-ұлттық төлқұжат;

-өтініш;

-шетелдіктің Қазақстан Республикасына кіргені туралы шекара қызметі органы қызметкерінің белгісі қойылған көші-қон картасы (бұдан әрі – көші-қон картасы);

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдік жарамды паспортымен немесе оны алмастыратын шетелге шығуға арналған және мемлекет азаматтығының растайтын тиісті органының құжатымен, Қазақстан Республикасының визасымен болған кезде, Қазақстан Республикасына келе алады және Қазақстан Республикасынан кете алады.


ҚР ІІМ-де тіркелу.pdf

Қосылған : 12.06.2017, 00:00, Өзгертілген : 12.06.2017, 00:00