«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы
9 қаңтардағы № 11-1-4/10 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16296 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортына жазылған жапсырма қағаз, есепке қою туралы анықтама (еркін нысанда жасалған) не Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) не оның өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған заңды өкілінің өтінішінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың
9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күн;

2-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауы және тексеруі, қажетті деректерді «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ)енгізуі – 1 (бір) жұмыс күн;

3-рәсім (іс-қимыл) – Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортына жазылған жапсырма қағазды, есепке қою туралы анықтаманы (еркін нысанда жасалған) ресімдеуі және беруі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы – 1 (бір) жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі келесі рәсімдерді
(іс-қимылды) орындаудың басталуына негіз болады:

1-рәсім (іс-қимыл) бойынша – өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2-рәсім (іс-қимыл) бойынша – Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою бойынша шешім;

3-рәсім (іс-қимыл) бойынша – Қазақстан Республикасы азаматының паспортына жазылған жапсырма қағазды бекіту, қосымша бетті тіркеу, есепке қою туралы анықтаманы (еркін нысанда жасалған) не Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам қатысады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің
(іс-қимылдардың) сипаттамасы:

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады –
1 (бір) жұмыс күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам көрсетілетін қызметті алушының келіп түскен құжаттарын қарастырады және олардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, қажетті деректерді «Бүркіт» БАЖ-ға енгізеді– 1 (бір) жұмыс күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша парақты, есепке қою туралы анықтаманы (еркін нысанда жасалған) ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 1 (бір) жұмыс күн.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің

(іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

Қосылған : 24.04.2018, 12:15, Өзгертілген : 24.04.2018, 12:15