Басшылық


МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

ШАХРАТ ШӘКИЗАТҰЛЫ НҰРЫШЕВ

1972 жылы 20 маусымда Алматы қаласында туған.

1995 жылы Пекин тіл университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1996), Назарбаев Университеті (2012) бітірген.

1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының референті.

1997-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Төлқұжат-визалық қызметінің атташесі, үшінші хатшысы.

1999-2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.

2004-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы тұрақты өкілі.

2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2008 -2015 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі.

2009-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастық сұрақтары бойынша Арнайы өкілі.

2015-2019 жж.  - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 

2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019 ж. қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. 

Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген.  

Үйленген, үш баласы бар.

Ashikbayev

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

АШЫҚБАЕВ ЕРЖАН НИГМАТУЛЛАҰЛЫ

1974 жылы 16 маусымда Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.

2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. 

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті.

1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 

2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 

2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

ҚР құрмет грамотасы, 2007 ж.; ҚР Президентінің алғысы, 2010 ж.; “Ерен еңбегі үшін" медалі, 2014 ж.; “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан конституциясына 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “ҚР ҰҚК шекара қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл" , 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапталған.

Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Үйленген, екі баласы бар.


МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

СЫЗДЫҚОВ МАРАТ ЗЕНИКЕНҰЛЫ

1966 жылы 27 сәуірде Щучинск қаласында дүниеге келген.

1991 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты, Ресей СІМ Дипломатиялық академиясы (2006) бітірген.

1991-1992 жж. - Целиноград қаласындағы № 7 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

1992-1998 жж. – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы..

1998-1999 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.

1999-2002 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, талдау орталығының сектор меңгерушісі.

2002-2010 жж. – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2010-2014 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2014-2019 жж. – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

I сыныпты кеңесшінің дипломатиялық дәрежесі бар.

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

КӨШЕРБАЕВ ЕРМЕК БЕДЕЛБАЙҰЛЫ

1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

1998 жылы қаңтар-мамыр айларында Алматы қаласының №170 орта мектебінің тарих пәні ұстазы.

1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.

1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.

1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі. 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары.

2000-2001 жж. - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.

2001-2003 жж. - аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы

2003-2004 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры. 2004 жылдың мамыр-шілде айлары «Отан» Республикалық политикалық партиясының, орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары.

2004-2005 жж. жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы.

2005-2006 жж. - «Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің, атқарушы директорының бірінші орынбасары.

2006-2007 жж. - «Отан Республикалық политикалық партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.

2007 жылдың ақпан-маусым айлары «Беркут» қаржы өнеркәсіп тобының директоры.

2007-2008 жж. - «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдарқауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.

2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2014-2016 жж. – Ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі.

2016-2018 жж. - Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы.

2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Дипломатиялық дәрежесі I сыныпты кеңесші.

Үйленген, 2 баласы бар.

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

БАЙМҰХАН МАРҒҰЛАН БАҚЫТҰЛЫ  

1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында туған 

Польшадағы Краков Экономикалық Университетін тәмамдаған, сыртқы сауда мамандығы бойынша магистрі (1997), халықаралық маркетинг және менеджмент мамандығы бойынша магистрі (1998), PhD ғылыми дәрежесіне кандидат – экономика саласындағы философия докторы (2011), Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті MscIM – Халықаралық басқару (менеджмент) магистрі (2016), Канаданың Ванкувер Университеті МВА –  Іскерлік әкімшілік магистрі (2015). ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының (2005) және ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясының (2006) курстарын, Поляк халықаралық қатынастар Институты Дипломатиялық Академиясының  бір жылдық бағдарламасы (2010) бітірген.

1996-1997 жж. - «Daewoo Electronics» компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері.

1997-1999 жж. - Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері).

1999-2001 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы.

2001-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің атташе-консулы, үшінші және екінші хатшысы.

2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы. 

2007-2013 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары.

2015-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ӨТЕНОВ ӘРКЕН ХАМИТҰЛЫ 

1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2006), Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2010) бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, экономист, мемлекеттік саясат және басқару саласындағы ғылым магистрі.

2006-2011 жж. аралығында Қазақстан Республикасының қаржы-банк секторына қызмет атқарған.

2011-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, консультант.

2014-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Резидент еместерге салық салу басқармасының бастығы.

2015-2019 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат Орталығының сектор меңгерушісі, Орталық меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

Ағылшын тілін меңгерген, «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен және 2 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Дипломатиялық дәрежесі - ІІ сыныпты екінші хатшы.


Қосылған : 30.05.2017, 00:00, Өзгертілген : 6.01.2020, 10:20