Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2015 жылғы «10» тамыздағы

№ 11-1-2/328 бұйрығына

12 - қосымша

«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шақыруды ресімдеу.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;

2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - ҰҚК) келісу үшін жіберуі - 2 жұмыс күн;

3) 3-процесс - ҰҚК-мен келісім алу - 1 жұмыс күн;

4) 4-процесс - шақыруды ресімдеу және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру - 1 жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) 1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2) 2-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті берушінің ҰҚК ақпараттық жүйесіне сауалы;

3) 3-процесс бойынша - ҰҚК ақпараттық жүйесінің жауабы;

4) 4-процесс бойынша - ресімделген шақыруды беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі адамдар қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы;

2) ҰҚК-нің лауазымды адамы.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді, тиісті құжаттарды тексеруді мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру арқылы өтінішті қарауды жүзеге асырады.

Визалық құжаттарды келісу ҰҚК-нің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;


- таңдау нұсқасы.

Қосылған : 12.02.2017, 13:45, Өзгертілген : 13.02.2017, 17:45