Сирия бойынша Астана процесі кепілгер елдерінің министрлік кездесуіне БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы

2018 жылы 16 наурызда Сирия бойынша Астана процесі кепілгер елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтетінін хабарлаймыз.

Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырамыз.

Аккредитация алу үшін 12 наурыз сағат 15.00-ге дейін электрондық поштаға «Astana Process» тақырыбымен толтырылған аккредитациялық үлгіні және паспорттың көшірмесін (жеке куәлік) жолдауларыңыз қажет.

Іс-шараға қатысу үшін кіребересте паспорт (жеке куәлік) және журналистік куәлікті (шет елдік БАҚ өкілдері үшін аккредитациялық карта) көрсету міндетті.

Кездесудің уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланатын болады. Үйлестіруші - Әлия Қайырлиева, тел.: +7-7172-72-00-11.

Қосылған : 7.03.2018, 21:05, Өзгертілген : 7.03.2018, 21:05