Халықаралық қатысушылардың жиналысы

 

ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының екінші жиналысы

 

2016 жылғы 24-25 ақпанда Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының екінші жиналысы өтті. Іс-шараға әлемнің  140 елінен 295 делегат қатысты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева сөз сөйледі. Сонымен қатар  Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов баяндама жасады.

Жиналыс қатысушыларына ЭКСПО-2017 көрмесінің сәулеті мен құрылысы, операциялық қызметі, көрме контенті, сондай-ақ көрме барысындағы мәдени ойын-сауық бағдарламалары туралы жан-жақты таныстырылымдар өткізілді. Бұдан басқа, делегаттар халықаралық және корпоративті қатысу талаптарын, көрме шеңберінде өтетін «Болашақ энергиясы» форумының бағдарламасын және басқа да мәселелерді талқылады. Барлық делегаттарға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайындық жөніндегі «Participation guide» және «Participant budget system» таратылды.

ХҚЖ шеңберінде ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы 14 шартқа (ҚХР, Ресей, Монако, Мажарстан, Вьетнам, Комор аралдары, Фиджи, Тонга, Бенин, Вануату, Конго, Пәкістан, ОАР, Малайзия), сондай-ақ ресейлік «Формика» компаниялар тобымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоғарыда аталған іс-шараның қорытындысы мен делегаттардың  түсіндірмелері бойынша таяу арада көрмеге қатысуды растамалардың саны, секциялар Коммисарларын тағайындау, сондай-ақ қол қойылған көрмеге қатысу туралы шарттар санының артуы күтілуде.

 

 

Қосылған : 16.03.2016, 12:10, Өзгертілген : 16.03.2016, 12:10