​Қазақстан мен Катар арасындағы консулдық ынтымақтастық Дохада талқыланды

ДОХА, 2018 жылғы 26 желтоқсан - Қазақстан мен Катар арасындағы консулдық салада ынтымақтастықты нығайту мақсатында Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев Катар Сыртқы істер министрлігі Консулдық қатынастар департаментінің директоры Мухаммад Абдуллах Саид Аль-Субаей және Азия департаментінің директоры Халед Ибрагим Абдулрахман Аль-Хамармен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы консулдық-құқықтық, визалық және туризм салаларындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен оларды әрі қарай дамыту жолдары талқыланды. Атап айтқанда, тараптар екі мемлекет азаматтарының қызметтік және ұлттық паспорт иелерін өзара виза талаптарынан босату мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Қазақстан тарапы қазіргі уақытта Катар тарапының құзырлы органдарының қарауындағы екі елдің азаматтарына консулдық және құқықтық көмек көрсету саласындағы келісімдердің жобаларын қарастыру процесін жылдамдату туралы өтініш білдірді.

Қосылған : 27.12.2018, 11:40, Өзгертілген : 27.12.2018, 11:40