Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 19 тамызда орнатылды.

Қазақстанның Чилидегі қоса атқарушы Елшісі ретінде (Бразилиа қ. резиденциясымен) Қайрат Саржанов (2016 ж. бастап) өкілдік етуде.

Қазақстандағы Чили Елшісі қызметін қоса атқарушы (Мәскеу қ. резиденциясымен) Родриго Ньето (2017 ж. бастап) болып табылады.

2013 жылдың 30 қыркүйек күні ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Сантьяго қаласында сапармен болып қайтты. 2016 жылғы 29 қыркүйекте Астанада Қазақстанның және Чилидің Сыртқы істер министрлері деңгейінде келіссөздер және 2017 жылғы 3 мамырда Сантьягода ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаевтың төрағалығымен алғашқы рет өткен қазақстандық-чилилік СІМаралық консультациялар өткізілді.

Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесін өткізу және Көрмеде Чили Латын Америка елдері павильоны арқылы ұсынылғаны екі ел арасындағы диалогтың дамуына өз үлесін қосты. ЭКСПО аясында Чилидің Энергетика министрінің орынбасары Х. Хара Астанада сапармен болды.

Қосылған : 22.08.2014, 14:32, Өзгертілген : 15.02.2018, 13:50