Қазақстан Республикасы мен Венесуэла Боливариан Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Венесуэла арасындағы дипломатиялық қатынастар 1996 ж. 8 мамыр күні орнатылды.

2012 ж. бастап Астанада Венесуэланың Дипломатиялық миссиясы қызмет етуде.

Қазақстандық-венесуэлалық диалогты дамытуға 2017 жылғы 10 қыркүйекте Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі тұңғыш саммиті шеңберінде өткізілген ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Венесуэла Президенті Н. Мадуромен кездесуі өз үлесін қосты. Соңғы жылдардың ішінде Венесуэланың Сыртқы істер министрі Д. Родригес пен Венесуэланың Мұнай мен тау кен өнеркәсібі министрі А. Чавестың Астана қ. (2015 ж. 16 қаңтар) сапары әрі Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасары Ф. Пласенсияның Астана қ. (2016 ж. 20 желтоқсан) сапары өтті.

Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесін өткізу және Көрмеде Венесуэла өзінің ұлттық павильоны арқылы ұсынылғаны диалогтың дамуына өз үлесін қосты. ЭКСПО аясында Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Р. Гордилс пен Ф. Пласенсия Астанада сапармен болды.

Қазақстандық-венесуэлалық ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі саяси консультациялар және т.б. салаларында қол қойылған құжаттардан тұрады.

Екіжақты тауарайналымы көлемі 2017 ж. қаңтарынан қарашасына дейінгі мерзімде 43,2 мың АҚШ долл. құрады (экспорт – 31,7 мың долл., импорт – 11,5 мың долл.).

Қосылған : 23.04.2015, 14:53, Өзгертілген : 15.02.2018, 13:50