ҚР мен РФ арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық 20 трансшекаралық өзендер, соның ішінде негізгілері болып табылатын Жайық, Есіл, Тобыл, Қара және Сары өзендер бойынша жүзеге асырылып отыр.

Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен РФ-нің шарттық-құқықтық базасы келесі негізгі құжаттардан тұрады:

1) 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім (1992 жылғы 27 тамыздағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімінің орнына).

2) 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Қазіргі таңда, трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясы қызмет жасауда.

1993 жылдан бастап 2015 жылға дейін аралықта Комиссияның 23 отырысы өткізілді.

Аталған Комиссияның тең төрағалары - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі және Федералдық Су ресурстары агенттігі басшысының орынбасары.

Комиссияның шеңберінде келесі жұмыс топтары құрылған:

1) Жайық өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;
2) Ертіс өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;
3) Есіл өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;
4) Тобыл өзенінің бассейні бойынша жұмыс тобы;
5) Қара және Сары өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс тобы;
6) Жайық өзенінің Қиғаш сағасы бойынша жұмыс тобы.

Комиссия және оның жұмыс топтары отырыстарының арқасында екі жақты су ынтымақтастығында қомақты үдерістерге қол жеткізілді. Консультация барысында трансшекаралық өзендердің экожүйелері мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Комиссияның аясында трансшекаралық өзендердің су ресурстарына мониторинг жасау жағдайы мен нәтижелері, су ресурстары жағдайына әсер ететін өнеркәсіптердің шаруашылық қызметіне бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізу, су тасқынының өтімін қадағалау, су қоймаларының толуы және тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайының мәселелері талқыланады.

 

 

Қосылған : 10.12.2013, 15:35, Өзгертілген : 25.03.2016, 15:04