Қазақстан Республикасы мен Австралия арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 маусымда орнатылды. Қазақстан Республикасында 1995 жылдан 1999 жылғадейін Аустралияның Елшілігі жұмысістеген.

1996 жылдан 2003 жылғадейін Аустралияда ҚР Консулдығының қызметі жүзеге асырылды.

2008 жылғы 20 маусымнан 2016 жылдың 22 сәуірінедейін Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшісі Е.Баударбек-Қожатаев Аустралияда қоса атқарушы Елшіболды.

2015 жылғы қарашадан бастап Ресей Федерациясындағы Аустралияның Елшісі Питер Теш Қазақстанда қоса атқарушы Елші болып табылады.

2016 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Сидней қаласындағы Бас консулдығы жұмыс істеуде.

2009 жылғы қарашадан бастап «DrakeResources» кенқазушы компаниясының басқарушы директоры Джейсон Стирбинскис Батыс Аустралия штатындағы ҚР-ның Перт қаласындағы Құрметті консулы болып табылады.

2014 жылғы тамыздан бастап «Australasia Pacific Pty Ltd» компаниясының басшысы Эндрю Фернихоу Виктория штатындағы ҚР-ның Мельбурн қаласындағы Құрметті консулы болып табылады.

2016 жылғы қарашадан бастап Орталық Азиядағы мұнай және газ өнеркәсібі бойынша топтың басшысы Пол Коэн Қазақстан Республикасындағы Аустралияның Құрметті консулы болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Аустралияға алғашқы ресми сапары өтіп, саяси диалогтың ірге тасықаланды және екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары анықталды.

Алғашқы екіжақты қарым-қатынас 1993 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер Министрі С.Терещенконың Аустралияға сапары кезінде орнатылды және 1994 жылғы сәуірде Аустралия Генерал-губернаторы Билл Хейден Қазақстанға сапар жасады.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне Аустралия Сыртқы істер министрі Кевин Радд бастауымен Аустралия делегациясы қатысты. 2011 жылғы маусымда Аустралияның Сыртқы істер министрі К.Радд Астана қаласында 38-ші ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.

2012 жылғы тамызда Аустралияның Парламент мүшелері К.Доуд, Г.Дженкинси Г.Эванс «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

2014 жылғы 1 қыркүйекте Самоада Біріккен Ұлттар Ұйымының Шағынаралдық дамушы мемлекеттердің конференциясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Аустралияның Сыртқы істер министрі Д.Бишоппен екіжақты кездесу өткізді.

2015 жылғы 27-28 наурызда Боао азиялық форум (ҚХР) аясында ҚР Премьер министрі К.Мәсімов Аустралияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Боб Каррмен екіжақты кездесу өткізді.

2015 жылғы 24-25 маусымда Канберрада екіелдің Сыртқы істер министрліктерінің жоғарғы лауазымды тұлғалар деңгейінде саяси консультациялары өтті.

2016 жылғы 8-13 сәуірде көрмеге дайындық барысы туралы аустралияның саяси тобын хабарлау мақсатында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары Р.Жошыбаев Аустралияға сапармен келген болатын.

2016 жылғы 6-7 қарашада таукен және табиғи ресурстар бойынша халықаралық конференцияға қатысу үшін Геология және жерқойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.Надырбаев бастаған ҚРИДМ делегациясы Аустралияға сапары өтті.

2017 жылы 28 ақпанда Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы сессияның аясында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Аустралияның Халықаралық даму және Тынық мұхиты өңірінің істері жөніндегі министрі К.Фиерраванти-Веллспен екіжақты кездесуі өтті.

2017 жылғы 26 мамырда Астанада екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің жоғарғы лауазымды тұлғалар деңгейінде кезекті саяси консультациялары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Аустралия арасында сауданың жалпы айналымы 2017 жылдың үш тоқсанының нәтижелері бойынша 23,1 млн. АҚШ долларын құрады. Аустралияға Қазақстандық экспорт 3,4 млн. АҚШ долларын, ал Аустралиядан импорт – 19,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Негізгі экспортты тауарлар болып табылады: азаматтық жолаушылар ұшақтары, сульфаттар, ашудас, хром триоксиді, мырыш, темір қорытпалары, қара металдар бұйымдары, табиғи құм, күш беретін қондырғылары және т.б. Аустралиядан келетін импорттар: фронталды бір шөмішті тиегіштер, өзі аударғыш машинасы, шиналаржәне көлік құралдарына арналған қақпақтар, сұрыптау жабдығы, домкраттар, көтергіштер, сорғылар, осьтік желдеткіштер, тежегіш құрылғылар, есту аппараттары, медициналық құралдар, сүт майлары және т.б.

Қазақстанда Аустарлиялының қатысуымен 82 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде жұмыс істеп жатқандары 49.

Қазақстанда Аустралияның «Rio Tinto», «Iluka Resources», «ALS Minerals», «Orica-Казахстан», «Kazakhstan Potash Corporation» атты ірі тау-кен компаниялары сәтті жұмыс атқаруда.

Шарттық-құқықтық база

Аустралиядан инвестицияларды тарту тиімділігін арттыру мақсатында Аустралия азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн визасыз жүру құқығына ие болады.

Қосылған : 4.12.2013, 10:51, Өзгертілген : 23.01.2018, 11:05