Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпымәлімет

1993 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1993 ж. қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі ашылды (Чехияда қосаатқарушы).

1994ж. желтоқсанда Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

1997 ж. сәуірде Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы дипломатиялық миссиясы ашылып, 2004 жылы Елшілік болып қайта құрылды.

2014 ж. 10 желтоқсанда Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Элишка Жигова тағайындалды.

Саяси диалог

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы саяси диалог тұрақты дамуда.

Мемлекет басшыларының кездесулері және жеке жолдаулары тараптардың сенімді және сындарлы қарым-қатынастарды дамытуға деген ұмтылысын растап, ынтымақтастықты жандандыруға қажетті алғышарттарды туғызады.

Чехия Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне қолдау білдірді. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатынын мәлімдеді (Чехия Парламенті Сенатының төрағасы М.Штех ЭКСПО-2017 шеңберіндегі Ұлттық күнге қатысты).

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2004 ж. 8-10 қыркүйекте ЧР Президенті В.Клаустың Қазақстанға ресми сапары өтті (Әл-Фараби атындағы ҚҰУ құрметті докторы атағы берілді).

2012 ж.23-24 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Чехияға алғашқы ресми сапары өтті.

2014 ж. 24-25 қарашада ЧР Президенті М.Земанның Қазақстанға ресми сапары ұйымдастырылды.

2017 ж. 8-10 маусымда ЧР Президенті М.Земанның ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысу шеңберінде Қазақстанға жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Үкімет басшыларының сапарлары

1996 ж. қазанда Қазақстан Премьер-Министрінің Чехияға ресми сапары ұйымдастырылды.

1999ж. сәуірде ЧР Премьер-министрі М.Земанның (қазір Президент) Қазақстанға сапары өтті.

2009 ж. 12 ақпанда ЧР Премьер-министрі М.Тополанектің Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

СІМ деңгейіндегі сапарлар

1995 ж. наурызда ЧР Сыртқы істер министрі И.Зеленецтің Қазақстанға ресми сапары өтті.

2004 ж. қаңтарда ЧР Премьер-министрінің орынбасары- Сыртқы істер министрі Ц.Свободаның Қазақстанға ресми сапары ұйымдастырылды.

2009 ж. 19-20 сәуірде ҚР СІМ басшысы М.Тәжиннің Чехияға жұмыс сапары ұйымдастырылды.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне Чехияның бірінші Вице-премьері - Сыртқы істер министрі К.Шварценберг қатысты.

2016 ж. 22-23 қарашада Чехияның Сыртқы істер министрі Л.Заоралектің Қазақстанға ресми сапары ұйымдастырылды.

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық байланыстар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосуда. Екі мемлекеттің парламенттерінде Достық топтары құрылған.

2017 ж. 6-7 ақпанда Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Я.Гамачектің Қазақстанға тұңғыш ресми сапары ұйымдастырылды.

2017 ж. шілдеде Чехия Парламенті Сенатының төрағасы М.Штехтің ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде Чехияның Ұлттық күніне қатысу мақсатында Астанағажұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес,екіжақты тауар айналымы 2017 жылы 267 млн.долл. құрады(импорт – 190млн., экспорт – 77 млн.),2016 жылы – 252 млн.долл. (импорт – 186млн., экспорт – 66 млн.).

Қазақстан Чехияға мұнай-газ, химия өнеркәсібінің өнімдерін экспорттайды.

Чех Республикасынан әртүрлі жабдықтар, құрамдас материалдар, тазартқыш құрылғылар, электротехникалық аспаптар, фармацевтика өнімдері, жиһаз, әйнек, керамика және басқа да халық тұтыну тауарлары импортталады.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуда Сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының рөлі маңызды. 2005 жылдан бері комиссияның 9 отырысы өтті, 9-шы отырыс2017 ж. 28 ақпан-1 наурызда Прагада ұйымдастырылды.

2017 ж. 1 қаңтардан бастап Чехия азаматтары үшін визасыз тәртіп орнатылған.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Бұл саладағы ынтымақтастық белсенді жалғасын табуда. Чех қоғамын Қазақстанның әдет-ғұрпымен, мәдениетімен және тарихымен таныстыру мақсатында іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

2000 жуық қазақстандық студенттер Чехия университеттерінде білім алуда.

Қосылған : 4.12.2013, 12:57, Өзгертілген : 7.10.2019, 10:50