Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы қатынастар

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұрат Нұртілеуов болып табылады.

2017 жылдан бастап Хейти МЯЕМЕЭС Эстония Республикасының Қазастандағы Елшісі.

2016 жылы Қазақстан және Эстония қарым-қатынасындағы екіжақтық оң серпінді даму сақталуда.

2016 жылы өткізілген Қазақстан-Эстония экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) бесінші отырысы екіжақтық қарым-қатынасқа әсер ететін маңызды іс-шара болды. Айта кетерлік жағдай, ҮАК-тің соңғы төртінші отырысы 2013 жылы өткізілді. Ұзақ үзілістің себебі мемлекеттік органдар арасында ҮАК-тің құрылымдық және ұйымдастырушылық өкілеттілігін беру болып табылды.

24-25 қазан күндері Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко бастаған делегация Эстония Республикасына сапарымен келді. Таллинндегі іс-сапар барысында Қазақстан-Эстония ҮАК-тің 5-ші отырысы өтті.

Тараптар инвестиция және көлік пен транзит, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, агроөнеркәсіп, құрылыс және туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылады. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларында ынтымақтасты дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар екені қарастырылды.

Эстония тарапы өз елінің порттық және теміржол мүмкіндіктерін «Жібек жолының экономикалық белдеуі» тұжырымдамасының аясында бірлескен жобаларды іске асыру үшін пайдалануды ұсынды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко және Эстония Парламентінің Спикері Э.Нестер, Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік тобының жетекшісі, Рийгикогу депутаты Д.Бородич арасындағы талқыланған маңызды мәселелердің бірі парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және Таллинн тарапынан Қазақстанның ЕО-ғы бастамаларын қолдау болып табылады. Іс-сапар аясында қазақстандық дипломат ірі ЭР Мууга портын аралап, Таллинн теңіз портының басшылығы және Эстония теміржол өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Эстонияның логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды.

Ресми кездесулер және іскер топтарымен өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар көлік, логистика, халыққа электронды қызмет көрсету, энергетика және жоғары технологиялар салаларында ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Екіжақтық қарым-қатынастың дамытуына парламенттік дипломатия үлес қосты. Рийгикогу (ЭР парламенті) депутаты, ҚР-мен достық тобының төрағасы Д.Бородич 18-21 наурыз аралығында ҚР-ғы парламенттік сайлау барысын бақылауға қатысты. Осы іс-сапар көлік және транзит саласындағы ынтымақтастықты дамытуға айрықша үлес қосты. ҚР инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «KTZ Express» АҚ басшылығымен кездесу нәтижесінде ҚР және ЭР арасында көлік бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Екіжақтық экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері Эстония Республикасы Қаржы Министрінің С.Сестер бастаған делегацияның Қазақстанға сапары кезінде талқыланды (24-25 мамыр). Сапардың басты мақсаты Астана экономикалық форумы аясында Эстонияның логистикалық мүмкіндіктерін таныстыру. Бұл Астанаға соңғы бірнеше жылда келген ең өкілді Эстония делегациясы болды.

Қазақстандық транспорт өкілдерімен кездесулер қорытындысы бойынша жоспарлар хаттамасына қол қойылды, көлік бойынша жұмыс тобы құрылып, оның бірінші отырысы өткізілді. Министр С.Сестер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрі арасында болған кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Министр С.Сестер және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі кездесу өткізіп, тараптар ведомствоаралық ынтымақтастықты (тәжірибе алмасу, делегациялардың сапарлары) нығайтуға келісті.

4-6 қазанда Алматыда өткен «Транспорт және логистика» халықаралық көрмесіне Эстония ұлттық стендін ұсынды. Олар 8 жетекші компаниялардың қатысуымен ЭР-дың логистикалық кластерімен (теңіз порттар, темір жол, көлік-логистикалық компаниялар) таныстырды.

Эстонияның Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға талпынуына жүк және тауарлар транзиті мен тасымалдауды Батыстан шығысқа және кері Эстония порттары арқылы қамтамасыз ету сеп болуда. Осы орайда, Эстония инвестиция, ресурстар, жүк транзиті мен өткізу нарығында Балтық аймағында бәсеке күресін жүргізуге дайын.

Қ.Келімбетов бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығы делегациясының Эстонияға жұмыс сапары (2016 ж. 8-9 тамыз) екіжақты экономикалық байланысты тереңдете түсуге мүмкіндіктер берді.

Эстонияның бірқатар мемлекеттік органдары мен қаржы институттарының, сондай-ақ Экономика және коммуникация, қаржы министрліктерінің, Кәсіпкерлікті дамыту қорының, Қаржы бақылау басқармасының, Бағалы қағаздарды тіркелім орталығының, Таллинн қор биржасының эмитенттер қызметінің, инновациялық және банк секторындағы стартап-компаниялар басшыларымен келіссөздерінде өзара әрекеттесу перспективалары мен АХҚО жобаларына компаниялардың қатысуы мүмкіндігі талқыланды. Эстония тарапы «fintech» пен жаңа қаржы технологиялар саласында ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

ҚР мен ЭР-дың арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастары саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық динамикасының артта қалып отырғанын атап өткен жөн.

2016 жылы қаңтар-қазан аралығында біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 28,5 млн.АҚШ.долл. құрады (экспорт – 7,4 млн.долл., импорт – 21,1 млн.долл.). 2015 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 50,9 млн.АҚШ.долл. құрады (экспорт – 14,9 млн.долл., импорт – 35,9 млн.долл).

Делегациялармен алмасу, тұрақты түрде жүргізілген бизнес іс-шараларға қарамастан, өткен жылдары тараптар уағдаластыққа қол жеткізген бірқатар ірі экономикалық жобалардың аяқталмауына орай, өзара сауданың өсу қарқыны болмауына себеп болуда.

Эстондық тарапымен 15 тепловоз сатып алу туралы «Қазақстан темiр жол» ҰК мен «AS Vopak» компаниясы арасындағы қол қойылған келісім, Каспий теңізінде жүк пен жолаушылар тасымалдайтын паромдар соғу жөнінде «Казмортрансфлот» АҚ мен «BLRT Grupp» эстондық кеме жасау концерні арасындағы бірлескен жоба жүзеге аспады. Атап айтқанда, екі тараптың бизнес-стратегиясы мен қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты жоба фактілік тұрғыда мұздатылды.

Астанада халықаралық бизнес және конференция орталығын салу туралы «AS Windoor» (Эстония) компаниясы мен «Дипломат Строй Сервис» (Казахстан) ЖШС арасындағы инвестициялық жоба ертеректе перспективті болды. Сот талқылуына түскен бұл іс екіжақты қарым-қатынасқа жағымсыз көзқарас тудыруда. Созылған сот процесі ынтымақтастықтың өзге де бағыттарына теріс әсерін тигізуде.

Қосылған : 4.12.2013, 12:59, Өзгертілген : 20.10.2017, 17:45