Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 22 қыркүйекте орнатылды.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі ретінде Қайрат Саржанов қызмет атқаруда (2016 ж. бастап).

Бразилияның Қазақстандағы Елшісі ретінде Деметрио Карвальо қызмет атқаруда (2013 ж. бастап).

Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстар құрайды. ҚР Президенті
Н. Назарбаевтың Бразилияға жасаған мемлекеттік сапары (2007 ж. 27-29 қыркүйек) Елбасының Латын Америка өңіріне жасаған алғашқы сапары болып табылды және де БФР Президенті Лула да Силваның Қазақстанға жасаған жауапты мемлекеттік сапары (2009 ж. 17 маусым) бразилиялық басшының Орталық Азия аймағына жасаған алғашқы сапары. Уфа қаласында БРИКС Саммиті (2015 ж. 9 шілдеде) аясында ҚР Президенті
Н. Назарбаевтың Бразилия Президенті Д. Руссеффпен кездесуі, сондай-ақ Ханчжоу қ. «G20» Саммиті (2016 ж. 4 қыркүйек) барысында М. Темермен қысқаша кездесуі өтті.

2013 ж. 2-3 қазан кезеңінде ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Бразилияға ресми сапары өтті.

Қазақстан және Бразилия СІМдері тұрақты түрде консультациялар өткізеді. Осы тетіктің шеңберінде 2008 ж. қыркүйекте Астанада, 2012 ж. сәуірде Бразилиада, 2017 ж. наурызда Бразилиада және 2017 ж. қазанда Астанада отырыстар өтті.

Қазақстандық-бразилиялық парламентаралық ынтымақтастығы дамуда. Қазақстанның Парламенті Мәжілісінде және БФР Ұлттық Конгрессінің Сенатында парламентаралық достық топтары құрылған.

Қазақстандық-бразилиялық ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, спорт және т.б. салаларында қол қойылған құжаттардан тұрады.

Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады. 2016 ж. қарашада «Қазақстан-Бразилия» сауда-өнеркәсіп палатасы ашылған. Екіжақты тауар айналымы 2017 ж. қаңтарынан қарашаға дейінгі мерзімде 124,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 23,6 млн. долл., импорт – 101,1 млн. долл.).

Қосылған : 23.04.2015, 12:05, Өзгертілген : 9.02.2018, 13:45