Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 24 ақпанда орнатылды.

ҚР Елшілігі 1994 жылғы 27 қарашадан бастап Исламабад қаласында өз жұмысын істеп келеді.

Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Шабарбаев Бақытбек Сейсебайұлы (2006 ж. қарашадан бастап).

Пәкістаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Абдул Салик Хан (2015 ж. наурыздан бастап). Уақытша сенімді өкілі - Вакас Ахмед.

Саяси ықпалдастық

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бастап, саяси ықпалдастық жоғары деңгейде, достық және әріптестік рухында дамуда.

Екіжақтыкелісім-шарттық база 35-тен аса құжаттан тұрады. Негізгілері ретінде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың принциптері туралы декларация мен Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық және консулдық қатынастарды орнату туралы келісім болып табылады.

Екіжақты қарым-қатынастарды реттеу жолындағы айтулы оқиға ретінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы 24 ақпанда Пәкістанға мемлекеттік сапары жасалды және оның барысында екіжақты қатынастардың дамуына негіз болған, соның ішінде, ҚР мен ПИР арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы келісімді қоса алғанда, бес маңызды құжатқа қол қойылды.

1995 жылғы 23-25 тамызда Пәкістанның Премьер-министрі Б.Бхутто Қазақстанға сапармен келді. Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар, екіжақты қарым-қатынастардың перспективалары жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

1996 жылғы 28-30 қазанда Пәкістан Президенті Ф.Легаридің Қазақстанға ресми сапары жасалып, оның барысында ҚР мен ПИР арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың перспективалары жөнінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2003 жылғы 8-9 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Пәкістанға ресми сапар жасап, оның барысында ҚР мен ПИР арасындағы келісім-шарттық базаны кеңейтетін біршама құжаттарға қол қойылды.

2011 жылғы 6-7 қыркүйекте ПИР Премьер-министрі Ю.Гилани Қазақстанға ресми сапар жасап, оның барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ, ядролық қарусыздану, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, соның ішінде, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша құзыретті органдары ықпалдастығының қажеттілігі талқыланды.

2015 жылғы 25-26 тамызда Пәкістан Премьер-министрі Н.Шариф Қазақстанға ресми сапар жасады және оның барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ, ядролық қарусыздану, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, соның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша құзыретті органдары ықпалдастығының қажеттілігі талқыланды. Тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Өзара тауар айналымының өсуі көрсетіп отырғандай, сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңеюі байқалып отыр.

Қазақстанның Пәкістанмен 2016 жылңы қаңтар-қараша аралығындағы тауар айналымының көлемі 20,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 30% (29,9 млн. АҚШ доллары) кем болып отыр. Сыртқы сауда сальдосы теріс таңбалы болды (16,5 млн. АҚШ доллары).

Қазақстанның Пәкістанға экспорты 2,2 млн. АҚШ долларын құрады. Пәкістаннан Қазақстанға жасалған ипморт көлемі 18,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 46,5% төмен болды (28,7 млн. АҚШ доллары).

Өзара ықпалдастықтың жаңа сапалы деңгейіне ауысу үшін 2015 жылғы 5-6 қарашада Астанада 8-ші отырысы өткен қазақстан-пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екі елдің экономикалық әлеуетін іске асырудағы рөлі ерекше маңызға ие.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың басымды бағыттарын айғақтайтын бірлескен Хаттамаға қол қойылды.

Комиссияның теңтөрағасы болып: Қазақстан жағынан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Камалдинов Ақылбек Әбсәтұлы, ал Пәкістан жағынан – ПИР Мұнай және минералды ресурстар мемлекеттік министрі Джам Камал Хан болып табылады.

ПИР Премьер-Министрі Н.Шарифтің 2015 жылғы 25-26 тамызда Қазақстанға жасаған ресми сапарының барысында пәкістан делегациясының құрамына келесі бизнес топтар кірді: Кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасы; тоқыма өндірісі: «Group of Companies», «Diamond Textile Mills», «Khaadi», «Al Karam»; фармацевтика: «Getz Pharma», «Indus Pharma», «Broox Pharma»; пищевая промышленность: «Iftikhar & Co»,«Union Fruits», «FA International», спорттовары: «Rasco Impex», «Maxima Industries», кожевеная продукция: «Nova Leather», «Siddiq Leather Works (Pvt) Ltd».

Әскери-техникалық ынтымақтастық

2002 жылғы маусымда Пәкістанның Алматыдағы Елшілігі жанында ПИР Әскери атташесі аккредиттелді. 2003 жылғы қаңтарда Исламабадта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппараты ашылды.

ПИР Премьер-Министрі Ю.Гиланидің 2011 жылғы 6-7 қыркүйекте Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша 2012 жылғы 14 қарашада Астана қаласында ҚР Үкіметі мен ПИР Үкіметі арасында Әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2015 жылғы 26 тамызда Пәкістан Премьер-Министрі Н.Шарифтің Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен ПИР Қорғаныс министрлігі арасындағы ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкерлерін ПИР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында оқыту туралы келісімге қол қойылды.

2016 жылғы 9-11 ақпанда ҚР Қорғаныс министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы С.Жасұзақов Пәкістанға ресми сапар жасады. Аталған ресми сапар аясында қазақстан делегациясы басшысының ПИР Премьер-Министрі Н.Шарифпен, ПИР Қарулы күштерінің штаб басшылары комитетінің төрағасы Р.Махмудпен, ПИР Қорғаныс өнеркәсібі министрі Р.Хусейнмен және ПИР құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Р.Шарифпен кездесулері өткізілді.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы 1992 жылғы ҚР Үкіметі мен ПИР Үкіметі арасындағы мәдениет, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің және 2001 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ПИР Білім министрлігінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде дамып келе жатыр.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының жанындағы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комитеті (ИЫҰ КОМСТЕК) және Оңтүстіктің орнықты дамуы үшін Ғылым мен технология жөніндегі комиссия (COMSATS) шеңберлерінде де ынтымақтастық іске асырылып отыр.

2016 жылғы 14-15 наурызда Алматыда Қазақ тамақтану академиясының шақыруымен Орталық Азия елдерінде, Пәкістан мен Ауғанстанда азық-түлік өнімдерін фортификациялау саласындағы өңірлік әлеуетті нығайту жөніндегі жоба шеңберінде өткен сарапшылардың техникалық кездесуіне Тамақтануды жақсарту жөніндегі ғаламдық альянстың Пәкістандағы менеджері С.Имран қатысты.

2016 жылғы 26-30 наурызда Алматыда таэквондодан өткен Азия біріншілігінде Пәкістанның таэквондо Федерациясының президенті А.Ахмед пен осы ұйымның бас хатшысы М.Раза қатысты.

Пәкістанның су ресурстарын дамыту және энергетика агенттігінің ғылыми қызметкері М.Джавед ҚР БҒМ География институтының шақыруымен 2016 жылғы 11-18 мамырда Алматыда «Биік шыңды Азия тауларының гидрологиясындағы мұздықтар мен маусымдық қар жабындысының рөлін бағалау» атты жоба шеңберінде өткен жұмыс отырысына қатысты.

Халықаралық олимпиядалық комитеттің мүшесі Саед Шахид Али мен Пәкістанның «Тері өнеркәсібінің бірлестігі» компаниясының басшысы Сулман Ислам 2016 жылғы 16-28 мамырда Астанада өткен әйелдер боксы бойынша әлемдік біріншілікке қатысты.

2016 жылғы 17-19 мамырда Исламабадта Халықаралық үкіметаралық «COMSATS» ұйымы Үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысы өтті және оның жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың ғылыми-инновациялық қызметі бойынша проректоры Т.Рамазанов бастаған қазақстан делегациясы қатысты.

Аталған іс-шара барысында «COMSATS» ұйымындағы ҚР-дың біржылдық мүшесі ретіндегі істелген жұмыстары туралы ҚазМУ өкілінің есебі тыңдалды. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың ғылым, білім беру және иновациялық жұмысының нәтижелері халықаралық сарапшылар тарабынан жоғары бағаланды.

Халықаралық беделі бар және орнықты даму бойынша «Академиялық әсер» бойынша БҰҰ бағдарламасының ғаламдық Хабын басқарып, үлкен жұмыс атқарған отандық университеттің заманауи тәжірибелік орталық ретіндегі танымалдығы аталып өтілді.

2016 жылғы 31 мамыр – 1 маусым аралығында Исламабдта Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша тұрақты комитеті (ИЫҰ КОМСТЕК) Бас Ассамблеясының 15-ші сессиясы өтті және оған ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Т.Балықбаев қатысты.

Аталған отырыс барысында қазақстан тарапы ИЫҰ Бас Хатшысы И.Маданимен және оның көмекшісі М.Ханмен, сондай-ақ, ИЫҰ КОМСТЕК-тің Бас үйлестірушісі Ш. Ханмен кездесулер өткізді. Кездесу барысында 2017 жылғы қыркүйекте Қазақстанда өтетін ИЫҰ-дың Ғылым және технология жөніндегі Саммитіне дайындық және оны ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2016 жылғы 22 маусымда Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазМУ ғимаратында отандық жоғарғы оқу орнының басшылығы Лахор Университетінің (UOL) өкілдерімен, атап айтқанда, Лахор Университетінің Халықаралық байланыстар жөніндегі департаменттің проректоры (делегация басшысы) – профессор С.Гилани және Лахор Университетінің басқару кеңесінің төрағасы А.Рауфпен кездесу өткізді.

Қазақстан бірнеше рет Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетті. 2005 жылғы 8 қазанда Пәкістанда болған зұлапат жерсілкінісіне байланысты ҚР Үкіметі Пәкістанға ресми гуманитарлық көмек жасады. Пәкістанға 52 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

Сонымен қатар, 2010 жылы Пәкістанда орын алған толастамас топан су басу салдарын жою мақсатында, Қазақстан Үкіметі Пәкістанға 100 мың АҚШ көлемінде гуманитарлық көмек жасады. Аталған қаражат БҰҰ арналары арқылы аударылды.

2011 жылғы ақпанда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен Пәкістанға 41 тонна көлеміндегі гуманитарлық жүк жеткізілді (бидай, консервіленген ет, қосшатырлар).

2015 жылғы 25 қыркүйекте Сантьяго қаласында (Чили) өткен Азиялық елдер атынан Халықаралық теннис федерациясының директорлары кеңесінің мүшелігіне сайланған ҚР теннис федерациясының президенті Б.Өтемұратовқа Пәкістан теннис федерациясы өз дауыстарын берді.

2015 жылғы 8-9 қарашада Лозанна қаласында (Швейцария) Халықаралық университет спорты федерациясының мүшелігін анықтау жөніндегі өткен сайлауда, пәкістан делегациясы ҚР студенттер спорты федерациясының Президенті Қ.Закарьяновқа өз дауыстарын беріп, К.Закарьянов осы ұйымның Ассесоры болып сайланды.

Қосылған : 4.12.2013, 11:34, Өзгертілген : 9.05.2014, 22:59