Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы қатынастар

Қазақстан Канадамен саяси диалогты, үкіметаралық байланыстарды, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дәйекті түрде нығайтып келеді. Ауыл шаруашылғы және уран өндірісін қамтитын дәстүрлі салалардағы әріптестікті нығайтумен қатар, Қазақстан және Канада екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыруға талпынып келеді. Кәсіптік-техникалық білім беру, бюджеттік басқару және мемлекеттік қызмет секілді салаларда Канадамен тәжірибе алмасу және зерттеу диалогтың маңызды бағыты болып табылады.

Қазақстан мен Канаданың ынтымақтастығы халықаралық аренада табысты дамып келеді. Ядролық қаруды таратпау, халықаралық терроризммен күрес, сондай-ақ Ауғанстанды тұрақтандыру және қайта қалпына келтіру саласындағы шараларды қабылдаумен байланысты көптеген өзекті мәселелерде ҚР мен Канаданың көзқарастары бір-біріне сәйкес келеді.

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 10 сәуір - Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасындағы Канаданың дипломатиялық миссиясы ашылды, 1995 жылы Елшілік мәртебесін иеленді.

2008 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жұмыс істейді.

2012 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасыныың Канададағы Елшісі болып Константин Жигалов тағайындалды.

2017 жылдың қазаннан Қазақстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Николя Бруссо тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

2003 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Канададағы ресми сапары өтті, ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына маңызды серпін берді. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі кездесулер ірі халықаралық іс-шаралардың алаңдарында да өткізіледі. ҚР Президенті Н.Назарбаев Канаданың Премьер-министрі Стивен Харпермен 2010 ж. Лиссабонда НАТО Саммитіне қатысу барысында және 2013 ж. Санкт-Петербургте «G20» Саммитінің, 2015 ж. Нью-Йоркте зорлық экстремизмге қарсы Саммитінің, сондай-ақ Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдомен 2016 ж. Ханчжоуда «G20» Саммитінің алаңдарында кездестті.

Қазақстан-Канада қарым-қатынастарының дамуы жоғары деңгейде талқыланады, соның ішінде 2010 жылғы Лиссабондағы НАТО Саммиті және 2013 жылғы Санкт-Петербургтегі «G20» Саммиті кезінде ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Канаданың Премьер-министрі Стивен Харпермен кездесуі өтті.

2013 ж. Канаданың Сыртқы істер министрі Джон Бэрд Қазақстанға сапармен келді. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Канаданың Сыртқы істер министрі Стефан Дионмен 2015 ж. Белградта ЕҚЫҰ Министрлік отырысының және 2016 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңдарында кездесті.

Парламентаралық байланыстар

Екі елдің Парламентінде елдер арасындағы парламентаралық қатынастар мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында достық топтары жұмыс атқарады.

Сондай-ақ, екі елдің парламентарийлері арасында жүйелі түрде екіжақты сапарлар жасалады және парламентаралық бірлестіктер шеңберіндегі байланыстар қарқын алып келеді.

Парламентаралық ынтымақтастық Қазақстандық-канадалық қарым-қатынастардың маңызын құрайды. Оның дамуына екі елдің парламенттеріндегі парламентаралық «достас топтардың» жұмысы және парламенттік делегациялардың сапар алмасулары ықпал етеді. ҚР Парламентінің делегациясы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинның басшылығымен 2012 ж. Парламентаралық одақтың 127-ші Ассамблеясына қатысу барысында Канадаға сапармен барды. Канада Парламентінің делегациялары 2014 және 2017 жж. сапарлармен Қазақстанға келді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан - ТМД елдері, Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы Канаданың басты сауда әріптесі, ал Канада – екі Америка елдері ішіндегі Қазақстанның басты сауда әріптесі болып табылады.

Іскер әріптестік ҚР мен Канада арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың маңызды қозғалтқышы болып табылады. Канада Үкіметінің «шетелдік нарықтардағы жаһандық іс-қимыл жоспарында» Қазақстан басым елдердің тізіміне енгізілген. ҚР мен Канада арасындағы тауар айналымы 2016 ж. қаңтар-желтоқсанда 392 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 281 млн. АҚШ доллары, импорт – 111 млн. АҚШ долларын құрады. ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, 2016 ж. Канададан 127 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Екіжақты іскер әріптестікті нығайту үшін 2016 ж. Қазақстан-канадалық іскер кеңесі құрылды.

Канададан келетін импорт әртүрлі, ауылшаруашылық машиналары (бүкіл канадалық имтпорттың 18%-ын құрайды), ұшу аппараттары (ұшақтар, тікұшақтар – 10%), тракторлар (9%), жеңіл автокөліктер (5,6%), жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары (3,5%), тірі ірі қара мал (3,6 %), дәрілік құралдар (2%), қара металлдан жасалған өнімдер (2,3%), жұмыс құралдары (2%), сұйық сорғылар (2,3%) және т.б. тауар түрлерінен тұрады.

Қазақстанда канадалық капиталдың қатысуымен 170 компания және 40 канадалық компания өкілдіктері тіркелген. Кәсіпорындар экономиканың тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, инженерлік іс, құрылыс, сәулеттік дизайн, білім беру сияқты салаларында жұмыс істейді. Екіжақты ынтымақтастық ішінде уран секторы мен ауыл шаруашылығы саласының келешегі зор деп айтуға болады.

Канада Парламентінің делегациялары 2014 және 2017 жж. сапарлармен Қазақстанға келді.

Гуманитарлық ынтымақтастық

Қазіргі уақытта канадалық жоғарғы оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 150-ге жуық қазақстандық студенттер білім алып жатыр. Оңтүстік Альберта институты мен Атырау қ. Мұнай-газ саласындағы өңіраралық кәсіби даярлау және қайта даярлау орталығы арасында, сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен Алгонкалық қолданбалы ғылымдар мен технологиялар жоғарғы оқу орны арасында тығыз ынтымақастық орнаған.

Екіжақты қарым-қатынастағы шарттық-құқықтық база

Осы уақытқа дейінгі құрылған шарттық-құқықтық база ішіне Экономикалық ынтымақтастық туралы декларация (1992 ж.), Өзара түсіністік қағидалары туралы декларация (1995 ж.), Өзара сауда жасасу туралы келісім (1997 жылдан бастап қолданылады), Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім (1998 жылы күшіне енді), Қазақстан-Канада екіжақты экономикалық әріптестікті нығайту туралы бірлескен жоспар (2003ж.), сондай-ақ ҚР Индустрия және сауда минстрлігі мен Канаданың Сыртқы істер және халықаралық сауда министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық, сауда және инвестиция саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2009 ж.), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Канаданың Ауыл шаруашылық және азық-түлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2012 ж.), ҚР Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану туралы келісім (2013 ж.).

Қазақстандық-канадалық ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы экономикалық ынтымақтастық және өзара қарым-қатынастардың қағидалары туралы декларациядан, өзара сауда жөніндегі Келісім, қосарланған салуды болдырмау туралы Шарт, атом энергиясын бейбіт қолдану саласындағы Келісім, сондай-ақ бірқатар ведомствоаралық меморандумдардан тұрады.

Туризм

Канаданың Оттава және Торонто қалаларында Қазақстанның консулдық хабарламалары жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары үшін Канадаға саяхаттау үшін алынатын визалардың ұзақ мерзімде жасалуымен қиындатылған, олар аталған құжаттарды алу үшін Мәскеудегі Канада Елшілігіне баруға мәжбүр. Астанадағы Канада Елшілігі визалар берумен айналыспайды.

Қосылған : 27.05.2015, 12:39, Өзгертілген : 3.11.2017, 15:35