Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынасорнатылды.

2015 жылдан – Албания Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Мәскеу қ.) А.Газиони тағайындалды.

2017 жылдан –А. Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Анкара қ.) болып тағайындалды.

Саяси қатынастар–екі жақты сапарлар динамикасы.

Албания Қазақстанның Балқан өңіріндегі перспективалық саяси серіктестерінің бірі болып табылады. Екі мемлекет арасында саяси немесе өзге де сипаттағы қандай да бір келіспеушіліктер жоқ.

2010 ж. 15 наурызда ҚРСыртқы істер министрінің орынбасары К. Жигаловтың ЕҚЫҰ-дағы қазіргі төрағасының Арнайы уәкіліретінде Албанияға сапары өтті.

2010 ж. 16-17 қыркүйекте Алматыда өткен ЕҚЫҰ СІМК бейресми кездесуі аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқыістерминистрі Қ.Саудабаев ҚР Вице-премьері – Сыртқы істер министрі И. Метамен кездесті.

2011 ж. 28-30 маусымда 38-ші ИЫҰ СІМК отырысына Албания Республикасының Сыртқы істервице-министрі С. Белортаджа қатысты.

2014 ж. 21-23 мамырда Албанияның Вице-премьер-министрі Н.Пелеши VII Астана Экономикалық Форумының жұмысына қатысты.

2014 ж. 23-25 сәуірде Албанияның Премьер-Министрі Э. Рама Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келіп, ҚР Президенті Н. Назарбаев тарапынан қабылданды және ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

2014 ж. 24-25 маусымдаҚРҚоршаған орта және су ресурстарыминистріН.ҚапаровтыңАлбанияғасапарыөтті.

Сауда-экономикалықынтымақтастық

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Албания арасындағы сауда айналымы 2017 жылғы қаңтар-қазанда 2,623 млн. АҚШ долл. құрады (2,140 млн. АҚШ долл. –экспорты, 483,7 млн. АҚШ долл. – импорт).

Қосылған : 8.09.2014, 12:01, Өзгертілген : 17.05.2018, 15:00