Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 18 қаңтарда Аустрия Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.

1992 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастарорнатылды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2007 жылғы қыркүйекте Астанада Аустрия Республикасының Елшігілі ашылды.

2016 жылғы 10 қазаннан бастап Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.Сайллер болып табылады.

2014 жылғы 4 ақпаннан бастап ҚР-дың Аустриядағы Төтеншежәне Өкілетті Елшісі және Венада халықаралық ұйымдаржанындағы ҚР Тұрақты өкіліҚ.Сарыбай болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Аустрия қазіргі әлемдегі өзекті мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарға ие. Аустрия Қазақстанға Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі ретінде қарайды. Қазақстан 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға лауазымына Аустрияның кандидатурасын қолдау көрсетсе, Аустрия 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға лауазымына, 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесініңтұрақты емес мүшесіне және ДСҰ-ға кіруге Қазақстанның кандидатурасын қолдады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Аустрияда 1993, 2000, 2004, 2012 жылдары ресми сапармен болды.Қазақстанда Федералдық канцлер Ф.Враницкий (1991, 1993 жылдары) және Аустрияның Федералдық Президенті Х.Фишер 2010ж. желтоқсанда сапармен болды.

Көпжақты ынтымақтастық алаңдарында Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президенттері Т.Клестилмен және Х.Фишермен, яғни ОШЕ елдеріне арналған Зальцбург экономикалық саммитінің (1999 ж) және БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясының аясында(2011 ж)кездесті.

2012 жылғы 22-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Аустрия Республикасының Федералдық Президенті Х.Фишердің шақыруымен Аустрия Республикасына ресми сапармен келді. 2016 ж. 23-26 ақпанда ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев бастаған парламенттік делегация Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты. Сапар барысында, Қ.Тоқаев Аустрияның Федералды ЖиналысыҰлттық кеңесінің төрағасы Б.Праммермен кездесіп, аустриялық саяси және іскерлік топтары өкілдерінің алдында сөз сөйледі.

Парламентаралық қатынастар

Аустрия Парламентінде Орталық Азия мемлекеттеріндегі әріптестермен ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет жасайды. ҚР Парламент Сенатында Аустрияның Федералдық жиналысымен ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет жасайды.

2012-2013 жж. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ. Мәми Аустрияда ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысуы және Өркениеттер Альянсының Форумы шеңберінде сапармен болды. Соңғы сапардың барысында Қ. Мәми Федералды Президенті Х.Фишермен кездесу өткізді.

2015 жылғы мамырда аустриялық тараптан VIII Астана экономикалық форумына қатысу мақсатында Аустрия Республикасының Ұлттық кеңесінің екінші президенті К.Копфтың Қазақстанға алғаш сапары болып, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің Төрағалары Қ.Тоқаевпен және Қ.Жақыповпен кездесу өткізді.

2016 жылғы 24-26 ақпан аралығында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев бастаған парламенттік делегацияның Аустрия Республикасына сапары болды. Кездесулер мен келіссөздер Аустрия Федералды Президенті Х.Фишермен, Федералды Парламент кеңесінің Төрағасы Ж.Заллермен, Аустрия Парламентінің Ұлттық кеңесінің екінші Президенті К.Копфпен жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы И.Адырбеков бастаған Қазақстан Республикасының парламенттік делегациясының қатысуымен Венада 2017 жылдың 22-24 ақпанында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің екінші Президенті К.Копфпен кездесуі өтті.

Министрлік сапарлары

2015 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Е.Ыдырысовтың Аустрияға жұмыс сапары орын алды. Федералды Президент Х.Фишермен және еуропалық істер, интеграциялық және халықаралық қатынастар Федералды министрі С.Курцпен келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастық, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемалар талқыланды. Е.Ыдырысов Венада өткен Сыртқы байланыстар жөніндегі Еуразиялық кеңестің Консультативтік кеңесі алдындағы ЕО сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Б. Ферреро-Вальднердің төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.

2016 жылғы 13-14 маусымда Венада Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) қатысушы елдердің мерейтойлық министрлік кездесуіне Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов қатысты.Кездесу шеңберінде ол Аустрияның Еуропалық істер, интеграция және халықаралық қатынастар федералды министрі С. Курцпен кездесті.

2017 жылғы 6-7 желтоқсан күндері Венадағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Аустрия Федералды Президенті А.Ван дер Беллен және Аустрия Сыртқы істер министрі С.Курцпен кездесулер өткізілді. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Аустрия Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің қатарына кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан (Ресейден кейін) ТМД арасындағы Аустрияның екінші сауда әріптесі болып табылады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 196,3 млн. АҚШ доллар құрады ал2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 156,754 миллион АҚШ доллар (экспорт – 3,5 млн. долл., импорт – 153,2 млн. долл.). Қазақстаннан баратын экспорттың негізгі баптары мұнай, металдар (темір, болат және т.б.), балық және өсімдік майлы дақылдар болып табылады. Аустриядан келген импорттың негізгі баптары –дәрі-дәрмек, машиналар мен жабдықтар, химиялық заттар, азық-түлік өнімдері.

Қазақстан мен Аустрияның арасында Сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Аустрия үкіметаралық комиссиясы (ҚР СІМ Орынбасары Р.Василенко және Аустрияның Ғылым, зерттеулер мен экономика вице-министрі Б.Гирлингер ханым тең төрағалары болып табылады) және Іскерлік кеңес (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанмашина жасаушылар одағының» төрағасы М.Пішембаев және Аустрия Экономика палатасының вице-президенті Р.Шенц тең төрағалары болып табылады) қызмет атқаруда.


Бүгінгі күнге дейін 8 ҮАК отырыстары өтті. ҮАК-тың 8-ші отырысы 2017 жылғы 22 тамыз айында Астанада өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасындағы экономикалық ахуал, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы туралы кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасылды. Делегациялар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, аймақаралық және көпжақты ынтымақтастықты дамыту саласындағы Қазақстан-Аустрия ынтымақтастығының келешегін талқылады. Отырыстың қорытындысы бойынша тең төрағалар жиналыс барысында талқыланған барлық мәселелерді қамтитын қорытынды хаттамаға қол қойды.

2017 жылғы 14 маусымда Аустрияның ЭКСПО-2017 күніне орай Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері мәдени-гуманитарлық байланыстар тұрақты түрде дамып келеді.

Австрияның Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен 1997 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 4000-нан астам кітаптар бар «Аустрия кітапханасы» ашылды.

2009 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы (Kasachstans Weg) Венада неміс тілінде жарық көрді.

2013 жылы Аустрияда Қазақстанның мәдениет күндері өтті, Вена концерттік үйінде қазақстандық орындаушылардың үлкен концерті болды.

2014 жылы Қазақстанда Австрия мәдениетінің күндері сәтті өтті.2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Елшілігі Аустриядағы қазақстандық музыканттар концерттерін, сондай-ақ бірқатар басқа мәдени іс-шараларды өткізуді көздейтін «Қазақстанның берғалары - Ұлы дала әуендері» жобасын жүзеге асыруда.

2016 жылы бұл жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді. 2017 жылы жоба Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай жүзеге асырылуда.

Қосылған : 9.09.2014, 11:55, Өзгертілген : 17.05.2018, 14:35