Қазақстан Республикасы мен Кипр арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 ж. 2 сәуір – Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2016 ж. 12 ақпан – Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы (Тель-Авивтегі резияденцияда) Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Қуанышев Кипр Президенті Н.Анастасиадиске сенім грамоталарын тапсырды.

2014 ж. 4 сәуір – Кипр Республикасының Қазақстан Республикасындағы (қоса атқару) Төтенше және Өкілетті Елшісі Д-р Георгиос Х.Касулидис ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Жақсыбековке сенім грамоталарын тапсырды.

2017 жылдан бастап Леонидас Маркидис Кипр Республикасының Қазақстандағы Елшісі.

Саяси қарым-қатынастар

2008 жылдың соңына дейін ынтымақтастық дамуының динамикасы байқалмады.

2008 ж. 4 желтоқсанда Хельсинкиде ЕҚЫҮ СІМК аясында Қазақстан мен Кипр Сыртқы істер министрлерінің деңгейінде өткен алғашқы кездесу екіжақты сұхбатты жандандырды.

Кипр – ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өтуін қолдаған алғашқы ЕО елдерінің бірі.

2010 ж. 16-17 шілдеде Алматыда өткен ЕҚЫҰ бейресми Саммитіне Кипр Сыртқы істер министрі М.Киприану қатысты, оның аясында ҚР Мемлекеттік хатшы – СІМ Қ.Саудабаевпен кездесті және дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық тәртіптен босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде Кипр Республикасын Кипр Сыртқы істер министрі М.Киприану басқарды.

2011 ж. 21 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА 66-шы сессиясы аясында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың КР Президенті Д.Христофиаспен алғашқы кездесуі өтті.

2011-2014 жж. Қазақстан мен Кипр арасындағы қатынастар айтарлықтай тұрақты дамыды.

2015 ж. 28 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА 77-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Кипр СІМ басшысы И.Касулидиспен кездесуі өтті.

2016 ж. 12 ақпанда ҚР Елшісі Д.Қуанышевтің Кипрге жұмыс сапары барысында оның Кипр Президенті Н.Анастасиадиске сенім грамоталарын тапсыруы және Кипр Сыртқы істер министрі И.Касулидиспен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 ж. екіжақты тауар айналымы 2,96 млн. АҚШ долл. (экспорт – 262 мың (преимущественно медь), импорт – 2,698 млн. (преимущественно фармацевтика)) құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 22 %-ға аз (3,8 млн. долл., соның ішінде экспорт – 1,3 млн., импорт – 2,5 млн.).

2016 ж. 10 айда тауар айналымы 5,787 млн. АҚШ долл. (экспорт – 5,348 млн., импорт – 439 мың) құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 90 %-ға артты (2,838 млн. долл., экспорт – 262 мың, импорт – 2,576 млн.).

ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің деректеріне сәйкес, 2005 ж. – 2015 ж. 3-ші тоқсан аралығында Қазақстан экономикасына құйылатын тікелей кипр инвестициялардың көлемі 2,1 млрд. долл. және Қазақстаннан Кипрға құйылатын инвестициялардың көлемі 661,5 млн. долл. құрап отыр. 2016 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда 421 кипрлік өкілдіктер тіркелген, соның ішінде 284 жұмыс істейді.

Қосылған : 17.10.2014, 20:02, Өзгертілген : 26.01.2017, 16:45