Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы қатынастар

Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 24 наурызда орнатылған.

2013 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстанның Кубадағы қоса қызмет атқарушы елшісі (резиденциясы Оттава қ.) ретінде Константин Жигалов қызмет етуде. ҚР-дың Гаванадағы ресми өкілі Азамат Абдраимов (2018 ж. қаңтардан бастап).

2018 жылғы қаңтардан бастап Кубаның Қазақстандағы елшісі ретінде Эмилио Певида Пупо қызмет етуде.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізі ретінде жоғары деңгейдегі кездесулер болды. ҚР Президенті Н. Назарбаевтің Гаванаға ресми іс-сапары екіжақты байланыстарды дамытудың маңызды кезеңі болды. Сапар барысында Куба Республикасы Министрлер Кеңесі мен Мемлекеттік Кеңес төрағасы Р.Кастромен келіссөздер жүргізілді (2 сәуір 2016ж). БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясында ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов пен Куба Сыртқы істер министрі Б. Родригес арасында кездесу өткен болатын.

2008 жылдан бастап, Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан – Куба» ынтымақтастық тобы қызмет етуде.

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Кубаның Латын Америка павильонында өкілідік болғаны диалогтың дамуына жағымды әсерін тигізді. ЭКСПО шеңберінде Куба Сауда палатасының Президенті О. Эрнандес Астанаға келді.

Екіжақты байланыстардың дамуының негізі ретінде сауда мен экономика, энергетика, білім беру, ғылым және мәдениет, спорт, еңбек және әлеуметтік қорғау салалардағы, саяси консультациялар туралы, визалық мәселелер және т.б. құжаттар көрініс табады:

Қазақстан мен Кубаның арасындағы екіжақты тауарайналымының көлемі 2017 ж. қаңтарынан қарашасына дейін 23,91 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,2 мың долл., импорт – 23,9 млн. долл.).

Қосылған : 25.08.2014, 12:40, Өзгертілген : 19.02.2018, 18:10