Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 30 наурызда орнатылды.

2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2006 ж. 11 желтоқсанда ол ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

2016 ж. 11 мамырда Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен ҚР-ның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2014 ж. 28 мамырдан резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың ҚР-дағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудин болып табылады.

2006 ж. қарашада Сингапурдың Үкіметі Алматы қаласында өзінің Құрметті консулдығын ашты. 2006 ж. маусымнан бастап Сингапурдың Қазақстандағы Құрметті Консулы Г.Марченко болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

1991 ж. қыркүйекте Қазақстанға Сингапурдың бірінші Премьер-министрі (1965 және 1990 жылдар аралығындағы) Ли Куан Ю сапар жасады.

Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев 1996 ж. 29-31 мамырда және 2003 ж. 6-10 қараша кезеңінде Сингапурға екі рет ресми сапарларын жасады.

1994, 1996 және 2004 жж. ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Сингапурда жұмыс сапарларымен болды.

2003 және 2006 жж. маусым айларында СР Сыртқы істер министрі Дж.Ёо Қазақстанда жұмыс сапарларын өткізді.

2006 ж. 29 қазан - 1 қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов Сингапурда ресми сапармен болды.

2007 ж. 22-26 сәуірде Сингапур Парламентінің спикері А.Тармуги Астанаға жауап сапарын жасады.

2010 ж. 12-14 қазанда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Сингапурға сапары өтті.

2012 ж. 16 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Сингапурға ресми сапары өтті.

2013 ж. 20-24 қазан аралығында Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіндегі министрі, Екінші сыртқы істер министрі және Екінші қоршаған орта және су ресурстары министрі Грэйс Фу Қазақстанға ресми сапары өтті.

2014 ж. 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова Сингапурда жұмыс сапармен болды.

2014 ж. 28 тамызда Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне турне барысында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Сингапурға сапар жасады.

2015 ж. 29 наурызда ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Сингапурдың бірінші Премьер-министрі Ли Куан Ю-дың мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты.

2015 ж. 1-2 сәуірде ҚР Жоғарғы Соттың төрағасы Қ.Мәмидің Сингапурға ресми сапары өтті.

2016 ж. 31 наурыз - 3 сәуір аралығында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Сингапурға ресми сапары өтті.

2016 ж. 6-11 қыркүйек аралғында Астана Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетовтың Сингапурға жұмыс сапары өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Сингапур жаһандық және аймақтық саясаттың өзекті проблемалары төңірегінде ортақ позиция ұстануда.

Сингапур 2001-2002 жж. БҰҰ тұрақты емес мүшесі болған, Ядролық сынақтардың барлығын қамтитын тыйым салу және Ядролық қаруды таратпау жөніндегі маңызды келісімдердің мүшесі, жаппай қырып-жою қару және қарусыздандыру мәселелерін, сондай-ақ әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаһандық күштеріне ат салысуда және осы мәселелер бойынша БҰҰ шеңберінде белсеңді жұмыс жүргізуде.

Сингапурдың Халықаралық көрме бюросының мүше болмауына қарамастан, аралдық мемлекеттің басшылығы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Мамандырылған халықаралық көрмесіне қатысу туралы шешімді қабылдаған.

Сингапурдың ұлттық павильонының слоганы «Кіші қала – Үлкен мүмкіндіктер» (Small city – Big Ideas) болмақ және павильонда мемлекеттің энергияны үнемдеу және жасыл энергетика саласындағы соңғы және үздік зерттемелері ұсынылады. Сингапурлық павильон көрме барысында ең қызықты, әрі ілгері болуына сенімдімін.

Экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақстастығы үздіксіз өсіп келе жатқан өзара қызығушылықпен сипатталады.

Сингапур қазақстандық тауарларды сатудың жаңа нарығына айналып келеді. Соңғы жылдар ішінде еліміздің аралдық мемлекетіне экспортының көлемі тұрақты ұлғаюда - 2012 ж. – 1,6 млн. долл., 2013 ж. – 55,5 млн. долл., 2014 ж. – 102,4 млн. долл., 2015 ж. – 122,7 млн. долл., 2016 ж. 9 ай ішінде – 37,6 млн. долл.

Қазақстандық экспорттың 99 пайызын шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері құрайды, ал сингапурлық импорттың ішінде мал және өсімдік майлары, химиялық өнеркәсіп, пластмасс, тері, тоқыма, зергерлік бұйымдар, ағаш және қағаз өнімдері, электрондық, механикалық құрал-саймандар, көлік және оның құрылғылары, оптикалық өнімдерден тұрады.

Сингапурлық «Surbana Jurong» компаниясы Қазақстанда химиялық кластерді дамыту бойынша консалтингтік қызметтер көрсеткен. Бұған қоса Атырау облысындағы Қарабатан станциясындағы мұнайхимиялық паркінің Бас жоспарын және техника-экономикалық негіздеуін, Қазақстанның қазіргі нарықтық жағдайын және еліміздегі барлық еркін экономикалық аймақтардың өнеркәсіп мақсаттары бойынша тиісті зерттеулер өткізді.

Аталған компанияның еліміздегі соңғы жобалары ішінде «Астана – Жаңа қала» еркін экономика аймағының екінші кезеңінің Бас жоспарын және техника-экономикалық негіздеуін әзірлеу болды.

Консультациялық жобалардан басқа, сингапурлық компаниялар Қазақстанның көмірсутек кен орындарын өңдеу жұмыстарына қатысуда. Қазіргі таңда «Azura International» компаниясы Ақтөбе облысындағы «Мамытское» қоңыр көмір кен орнын өңдеу жұмыстарын бастауда. Келісімге сәйкес, сингапурлық тарап кен орнын барлауға 55 млн. АҚШ долл. бөлуді және 2016-2018 жж. ішінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орнындары құруды жоспарлауда.

2015 жылы сингапурлық тарап Еуразиялық экономикалық одақпен Еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға бағытталған келіссөздерді бастағанын хабарлаған. Сингапурлық тарап одақ мүше мемлекеттеріне ресми хаттарды жолдаған. Өз кезегінде бұл қадам келіссөздердің басталуын дәлелдеді.

Үстіміздегі жылы Сингапурдың Сауда және индустрия министрілігінің делегациясы Қазақстанға және одаққа мүше мемлекеттерге екі рет сапар шегіп, келіссөздер өткізді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Мемлекеттер арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы өте жақсы дамыған. Бұның көрнекті дәлелі ретінде «Назарбаев Университеті» және Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік басқару мектебі арасында стратегиялық қарым-қатынастары (2012 ж.). 2015 ж. бері аталған сингапурлық мектептің профессоры Хуэй Венг Тат «Назарбаев Университетінің» Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің деканы лауазымына ие. Қазіргі таңда «Назарбаев Университеті» және Сингапурдың Ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ү.ж. қыркүйек айында Сингапурдың Құрметті аға министрі Го Чок Тонгтың сапары барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумның негізгі мақсаттары мемлекеттік қызметкерлерінің көшбасшылық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік әкімшілік ету саласындағы әлеуетін күшейту үшін арнайы мамандандырылған бағдарламаларды іске асыруды, тәжірибе және пікір алмасу мақсатында жұмыс және оқу сапарларын ұйымдастыруды қамтиды.

Бірнеше жылдар ішінде, еліміздің оқу орындарының 200-ден астам басшылары және оқытушылары сингапурлық «Темасек фаундэйшн» атты бағдарламасы шеңберінде біліктілігін арттыру курстарына қатысқан болатын. Сондай-ақ, жеке-меншік оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жалғасуда.

Бүгінгі күні Сингапурда Қазақстанның 100 астам студенттері білім алуда, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 оқушы бар.

Қосылған : 4.12.2013, 11:40, Өзгертілген : 10.03.2016, 06:14