Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастар

1992 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылғы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2017 жылғы 3 ақпаннан бері Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов.

.2006 жылғы 12 желтоқсаннан бері Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников.

Қазақстандық-ресейлік қатынастар әртүрлі салаларда қарқынды дамумен сипатталады.

Қазіргі кезеңде стратегиялық әріптестіктің негізі екі елдің президенттерімен қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт (2013 ж.).

Мемлекет басшыларының ұдайы кездесулері мен келіссөздері Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда жетекші орынды алады.

2016 жылғы 8-10 мамыр аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыс сапары өтті, оның барысында Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу бойынша салтанатты іс-шараларға қатысты.

2016 жылғы 31 мамырда Астана қаласында мемлекет басшылары деңгейіндегі ЖЕЭК отырысының аясында кездесу өтті.

2016 жылғы 17 маусымда ХХ Петербургтік халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сапары өтті.

2016 жылғы 23-24 маусым аралығында Ташкент қаласында ШЫҰ мүше мемлекет басшылары саммит аясында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сапары өтті.

2016 жылғы 16 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Сочи қаласына сапарымен келді. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, интеграциялық дамыту, өңірлік күн тәртібінің өзекті тақырыптарын талқылады.

2016 жылғы 4-5 қыркүйек аралығында мемлекет басшылары Хачжоу қаласында G-20 саммитте кездесті.

2016 жылғы 16 қыркүйекте Президенттердің кездесуі ТМД МБК барысында Бишкек қаласында өтті.

2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласында Қазақстан мен Ресей басшыларының арасындағы келіссөздер өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында өтті.

2016 жылғы 26 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ ҰҚК пен ЖЕЭК сессияларына қатысты.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия (18-отырысы 2016 ж. 11 ақпанда Мәскеу қаласында өтті) және оның құрамына кіретін ынтымақтастықтың бағыттары бойынша 7 кіші комиссия жұмыс істейді: банкаралық және инвестициялық; көліктік; өңіраралық және шекара маңы; әскери-техникалық; ОЭК саласында; ғылым және жаңа технологиялар саласында, өнеркәсіп саласында. Сонымен бірге, 2013 жылдан бастап ғарыш саласындағы екіжақты қатынастары реттейтін «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.

Парламентаралық байланыстар жоспарлы дамуда. Тиісті парламенттік комиссиялардың және комитеттердің жұмыстары парламентаралық ынтымақтастыққа жүйелі сипат береді.

Екіжақты қарым-қатынастың тиімді дамуына өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы мүмкіндік туғызады. Мемлекет басшылары қатысуымен жыл сайын өңіраралық ынтымақтастық Форумы өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы, 2012-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасы, 2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданған және жүзеге асырылуда.

Үкімет басшылары деңгейінде қарқынды өзара іс-қимылдар жүргізілуде. Екіжақты және көпжақты форматтардағы келіссөздер барысында энергетикалық, көліктік, атом және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылдар мәселелері ұдайы талқылануда.

Ресей Қазақстанның дәстүрлі түрде ірі сауда серіктесі болып табылады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 14,6 млрд. АҚШ долл. құрды. Экспорты
4,3 млрд. АҚШ долл. («минус» 32,0%) құрды, импорт –
10,2 млрд. АҚШ долл. («минус» 25,9%). Сауда теңгерімінің сальдосы –
5,9 млрд. АҚШ долл. («минус» 20,6%).

2016 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығының қорытындысы бойынша елдердің арасындағы сауда айналымы 8,7 млрд. АҚШ долл. құрды және
2015 жылдың үйлес аралығымен салыстырғанда 25,0% азайтылды. Экспорт 2,5 млрд. АҚШ долл. («минус» 30,0%) құрды, импорт – 6,2 млрд. АҚШ долл. («минус» 22,8%). Сауда теңгерімінің сальдосы –
3,7 млрд. АҚШ долл. 2016/28/12

Қосылған : 4.12.2013, 13:46, Өзгертілген : 6.02.2017, 09:25