Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 19 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылғы қазаннан бастап Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жұмысын бастады.

1996 жылғы ақпанда Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі жұмысын бастады.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Ерлан Ыдырысов атқарады.

2018 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін Майкл Джон Гиффорд атқарады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сындарлы диалог орнатылған. Бұған барлық деңгейлердегі тұрақты іс-сапарлар жағдай жасайды.

Дипломатиялық қатынастар орнатылған уақыттан бері Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға тоғыз іс-сапары болды (1991 ж., 1992 ж., 1994 ж., 1997 ж., 2000 ж., 2006 ж., 2012 ж.,2013 ж. және 2015 жылғы қарашада).

Корольдік отбасы мүшелерінің Қазақстанға бірқатар сапарлары болды: британдық тақтың мұрагері Уэльстік Чарльз Ханзада (1996 ж.), Ханшайым Анна (1993 ж.), Ханзада Ричард, Глостер Герцогі (2000 ж., 2017 ж.), Ханзада Эндрю, Йорк Герцогі (2003 ж., 2006 ж., 2007 ж. және 2010 ж.) және Кенттік Ханзада Майкл (2009 ж.).

2013 жылдың 30 маусым – 1 шілде аралығында Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмерон Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік іссапармен келді. Сапар нәтижесінде екі мемлекет арасында Стратегиялық серіктестік жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2014 жылғы 17 қазанда Миландық АСЕМ саммиті шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаев және Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронның арасында екіжақты кездесу өтті.

2015 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Ұлыбританияға іссапары шеңберінде Жаһандық құқықтық саммитке қатысты.

2015 жылғы 2-4 қарашадағы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми іс-сапары маңызды әрі тарихи оқиға болды. Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығайтылғаны және саяси диалогтың кеңейтілгені айтылды.

Парламентаралық байланыстар.

2015 жылғы қазанда Ұлыбритания Парламентінде ҚР-мен ынтымақтастық бойынша Жалпыпартиялық жұмыс тобы (топтың жұмысы 2015 ж. 7 мамырда жалпы сайлаудың өткізілуіне байланысты тоқтатылған болатын) өз жұмысын қайта жандандырды.

2016 жылғы қазанда аталған Жалпыпартиялық топ мүшелерінің Астанаға алғаш сапары болды. Іс-шара барысында Қазақстан Парламенті қос палатасының басшылығымен, ҚР Премьер-Министрімен және министрліктер мен ведомстволарының басшыларымен кездесті.

СІМ-дер арасындағы байланыстар.

2008, 2011, 2013 және 2016 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев,
ҚР СІМ басшылары Е.Қазыханов және Е.Ыдырысовтың Лондонға сапарлары ұйымдастырылды.

2014 жылғы 3 қазанда Лондонда Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру шеңберінде алғашқы қазақстандық-британдық саяси консультациялар өткізілді. Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды (қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары – А.Волков, ал британдық делегацияны Ұлыбритания СІМ-нің Саяси директоры - С.Гасс басқарды).

2015 жылғы 8-9 қазанда Астанада саяси консультациялардың екінші отырысы өткізілді (қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары – А.Волков, ал британдық делегацияны Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Т.Элвуд басқарды).

Стратегиялық диалогтың үшінші (2016 ж. 6 қазан, Лондон) және төртінші (2017 ж. 19-22 қараша, Лондон) отырыстары екі ел сыртқы саяси ведомстволары басшыларының деңгейінде өткізілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде екіжақты тауар айналымы 1,28 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 926,7 млн. долл., импорт – 358,9 млн. долл.). 2016 жылдың нәтижесі бойынша бұл көрсеткіш 1,26 млрд. АҚШ долл. жетті.

Құрама Корольдік Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициялар көлемі бойынша 6-шы орында.

Қазақстанда Royal Dutch Shell мен Ernst&Young сияқты ірі компаниялар тіркелген және олар ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері болып табылады.

Ұлыбританияда «Самұрық-Қазына» компаниясының өкілдігінен басқа ҚазМорТрансфлот мен Эйр Астананың филиалдары қызмет атқаруда.

Лондондық қор биржасында (LSE) жалпы капиталы 5,8 млрд. фунтты құрайтын 4 қазақстандық компания (EP KazMunaiGas, HalykBank, Kcell, Kazkommertsbank) және негізгі активтері Қазақстанда орналасқан тағы 4 (Nostrum Oil & Gas, KAZ Minerals, Goldbridges, Chagala Group) компания ұсынылған.

2013 жылы 30 қазанда Қазақстан мен Құрама Корольдіктің Үкіметтері арасында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде Үкіметаралық комиссия құру бойынша меморандумға қол қойылады.

ҮАК бірінші отырысы 2014 ж. 5 қарашада Астанада Ұлыбритания Сауда және инвестициялар министрі лорд Ян Ливингстонның ресми сапары шеңберінде өтті.

Сонымен бірге өзге де құрылымдар жұмыс істейді. 2015 жылы 24 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ мен Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі Агенттігінің (UKTI) Іскерлік кеңесі және Британдық сауда палатасының Қазақстандағы өкілдігі ашылды.

ҮАК екінші отырысы 2015 ж. 3 қарашада ҚР Президентінің Ұлыбританияға ресми сапары шеңберінде өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 13 млрд. АҚШ долл. құрайтын 23 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу, АХҚҚ құру және дамыту, ҚР-да газ құбырын салу бойынша меморандумдар.

2016 ж. қарашада өткен Қазақстандық-британдық ҮАК 3-ші отырысының нәтижесі бойынша 8 құжатқа қол қойылды.

2017 ж. 11 желтоқсанда Лондонда Қазақстандық-британдық ҮАК 4-ші отырысы өтіп, нәтижесінде 4 құжатқа қол қойылды.

Құқықтық саладағы ынтымақтастық

2014 жылдың соңында құқықтық саланы кеңейту аясында маңызды жетістікке қол жеткізілді – Ұлыбритания Әділет министрінің орынбасары Э.Фолкстың (2014 жылғы қазанда) және ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевтың Ұлыбританияға сапары (2014 жылғы желтоқсан) өткізілді.

А.Дауылбаевтың сапарының маңызды тұсы болып ҚР Бас прокуратурасы мен Ұлыбритания Әділет министрлігінің арасындағы құқықтық саладағы және біріккен консультативтік комитетті құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылу болды.

2015 жылы ҚР мен Ұлыбритания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (MLAT), сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігі және ұлттық қылмыстық агенттігі арасында ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімдерге қол қою да үлкен маңызға ие болды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім беру саласы екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыты болып табылады. Британдық жоғары оқу орындар қазақстандық жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық құрылған және олардың дамуына атсалысады. 2001 жылдан бастап Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті жұмыс істейді. Оның әріптестері - Ұлыбританияның мұнай-газ саласындағы беделді төрт университеті: Абердин, Роберт Гордон, Хериот-Уотт және Весминстер.

Лондон Университеттік Колледжінің қолдауымен «Назарбаев Университетінде» жоғары оқуға дайындық бағдарламасы және Инженерия мектебін құру жобасы жұмыс істейді. «BG» компаниясының қолдауымен НУ Энергетикалық зерттеулер орталығында 2012 жылдан бері ғылыми кітапхана жұмысын атқарады, және НУ Ғылыми-инновациялық қызметкерлерін оқыту мен біліктілікті арттыру үшін шәкіртақылар бөлінеді.

Британдық жоғары оқу орындары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкірттерді оқыту бойынша бірінші орында (2 мыңнан астам шәкірт түлек болып табылады). Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда 600-ден астам студент білім алуда.

Қосылған : 8.09.2014, 12:10, Өзгертілген : 17.05.2018, 15:50