Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы қатынастар

Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 28 желтоқсанында мойындады.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 қаңтарында орнатылды.

1997 жылдың ақпанынан бастап Токиода Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Е.Баударбек-Қожатаев болып табылады.

Жапонияның Елшілігі 1993 жылы Алматыда ашылды (2005 жылдың қаңтарында Елшілік Астанаға көшірілді). 2019 жылдан бастап Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаи болып табылады.

  • Негізгі келісімдер:
  • -ҚР Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісім (2005 ж. 6 шілдеде күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын
    салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және
    салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенциясы (2009 ж. желтоқсанда күшіне еніп, 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылады);
  • -Атом энергниясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісім (2011 ж. 6 мамырда күшіне енді);
  • -Инвестициялардыкөтермелеу және өзара қорғау туралы мемлекетаралық келісім (2014 ж. 23 қазанда қол қойылды, 2015 ж. 25 қазанда күшіне енді);
  • -Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы «Азияның өсіп-өркендеу ғасырындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы» 2016 ж. 7 қарашадағы Бірлескен мәлімдеме.

Шарттық – құқықтық базасы 44-тен аса құжаттардан тұрады.

Жоғарғы деңгейдегі екіжақты байланыстар:

Екіжақты саяси диалогтың бастамасын 1992 жылдың мамырындағы Жапония Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Ватанабэнің Қазақстанға сапары қалады.

Екіжақты қарым-қатынастарының негізін қалаған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1994 жылғы 6-7 сәуірдегі және 1999 жылғы 5-8 желтоқсандағы Жапонияға жасаған сапарлары болып табылады. Бірінші сапар шеңберінде Бірлескен мәлімдеме қабылданып, Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы шарттар мен келісімдерді мойындау туралы ноталармен алмасу жүзеге асырылды. Екінші сапар барысында Достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2006 жылғы 28-29 тамызда Жапонияның Премьер-министрі Д.Коидзуми Қазақстанға ресми сапармен болып қайтты.

2008 жылғы 18-22 маусымда ҚР Премьер-министрі Н.Назарбаев Жапонияға үшінші ресми сапар жасады. Сапар қорытындысы «стратегиялық әріптестікті» нығайтуға септігін тигізді. Сапар шеңберінде Жапония Императоры екіжақты қарым-қатынастар мен достықтың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевқа Жапонияның ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – Үлкен лентадағы Хризантема орденімен марапаттады.
Өз алдына, екі халықтың арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Жапония Императоры Акихито Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.

2010 жылғы 13 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік ғаламдық Саммиттің шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаев Жапония Премьер-министрі Ю.Хатоямамен кездесті.

2013 жылғы 6 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында G20 Саммитінің «алаңында» ҚР Президенті Н.Назарбаев Жапония Премьер-министрі С.Абэмен алғаш келіссөздер жүргізді.

2014 жылы 17 қазанда Миланда АСЕМ 10-шы Саммиті «алаңында» ҚР Президенті Н.Назарбаев Жапония Премьер-министрі С.Абэмен келіссөздер жүргізді.

2015 жылғы қазанда Жапония Премьер-министрі С.Абэ Орталық Азияның бес еліне және Моңғолияға турне шеңберінде Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар қорытындысы бойынша «Стратегиялық әріптестікті тереңдету және кеңейту туралы» және «Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт» екі бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит шеңберінде 2016 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Вашингтонда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың С.Абэмен кездесуі өтті.

2016 жылғы қыркүйекте Ханчжоу қаласында G20 Саммиті барысында Мемлекет басшысы С.Абэмен келіссөздер жүргізді.

2016 жылғы 6-9 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жапонияға 4-ші ресми сапары болып өтті. Сапар нәтижесінде екі елдің Көшбасшыларымен «Азияның өсіп-өркендеу ғасырындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы» Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Сапар барысында ҚР Президенті Хиросима қаласына барды. ҚР Президентінің ядролық қаруға қарсы қозғалыстағы жетекші рөлі мен ерен еңбегі үшін Мемлекет басшысына «Хиросима қаласының ерекше құрметті азаматы» атағы берілді.

Жоғары деңгейдегі саяси диалог

2010 жылғы наурызда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Токиоға ресми сапары өтті.

2010 жылы тамызда Жапония Сыртқы істер министрі К.Окада Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

2011 жылы 4 мамырда Парламенттік достық лигасының Төрағасы Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі, Жапония Парламенті төменгі палатасының депутаты Юкио Хатояма АЭФ-ға қатысты.

2015 жылы тамызда Жапония Премьер-Министрі С.Абэ шақыруымен Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова әйелдерге арналған «WAW! Tokyo 2015» 2-Бүкіләлемдік конференцияға қатысу үшін Токиоға жұмыс сапармен барды.

Қазақстан «Орталық Азия+Жапония» (СІМ басшылары деңгейінде) Диалогына қатысады. Оның бірінші отырысы жапондық бастамасымен 2004 жылы Астанада өтті. 2014 жылы 16 шілдеде Бішкек қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов ОАЖД Сыртқы істер министрлерінің 5-нші мерейтойлық жиналысына қатысып, Жапония Премьер-Министрі Ф.Кишидамен келіссөздер жүргізді.

Парламентаралық ынтымақтастық

Жапонияда 10 жылдан астам Қазақстанмен Парламенттік достық лигасы жұмыс істейді. 2004 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жапониямен ынтымақтастықты дамыту тобын құрып, 2005 жылдың маусым айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұқсас топты құрды.

2012 ж. тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Х.Морияма «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» халықаралық конференциясына қатысу шеңберінде ҚР-ға келді.

2013 ж. сәуірде ҚР Парламенті Сенатының спикері К.Мами Жапонияға сапармен келіп, Премьер-Министр С.Абэмен және Жапония Парламенті екі палатасының спикерлерімен кездесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында 1993 ж. желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жекеменшік секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Қазақстан тарапынан тең төраға Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаиров, ал жапондық тарапынан халықаралық мәселелері жөніндегі экономика, сауда және индустрия Вице-министрі Х.Катасэ болып табылады.

2016 жылғы 7 қарашада Токиода Бірлескен комиссияның 6-шы отырысы өтті. Екі жақтан 400-ден астам бизнесмен қатысқан аталған іс-шара нәтижесінде жалпы құны 1,2 млрд.долл. құрайтын 13 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Индустриалды сферада, көліктік логистика, инновация және ауыл шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары анықталды.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда айналымы 2015 ж. 1,4 млрд. АҚШ долларды құрады (экспорт – 858,6 млн.долл., импорт – 584,7 млн.долл.).

2016 жылдың 10 айында өзара сауда айналымы 943 млн. долларға жетті (экспорт – 443 млн.долл., импорт – 500 млн.долл.).

Жапонияға қазақстандық экспортының негізгі тауарлары металлдар мен бұйымдар, әсіресе қара металл болып табылады, 2015 жылы оның бөлігі 67% құрады. Қазақстандық импорты құрылымында 2015 жылы Жапониядан келген басты жеткізілім «көлік, жабдық, көлік құралдары, құрылғылар мен аппараттар» сияқты тауар топтарына тиесілі.

2005-2015 жылдар аралығында Жапонияның Қазақстанға құйған тікелей инвестицияларының жалпы ағымы 6,2 млрд. долларды құрады.

Жапон корпорациясы «Марубени» АМӨЗ қайта құрудың ақырғы кезеңі болып табылатын, Атырау МӨЗ-тың мұнайды терең өңдеу комплексі құрылысының жобасына қатысуда.

Ірі жапон көліктік логистика компаниясы «NYK Line» автокөлік логистика саласында жұмыс істейтін қазақстандық «Транко» компаниясының жарғылық капиталына кірді. Кәсіпорын автокөліктерді терминалды дайындау мен тұтынушыларға дейін тасымалдауқызметін көрсетеді. Терминалдың жалпы көлемі 76 мың метр квадратқа жуық жерге жайылған, ал сыйымдылығы 2,7 мыңға жуық көлікті құрайды.

2015 жылы «Иточу» корпорациясы қазақстандық «DALA MINING» компаниясымен бірге Қарағанды облысында орналасқан Көктенкөл вольфрам-молибденкенорнында өндіру мен өңдеу тау-металлургиялық комбинатының құрылысына кірісті.

Мәдени – гуманитарлық ынтымақтастық

Қазіргі таңда Семей, Хиросима және Нагасаки қалаларының медициналық және әлеуметтік мекемелері арасында тығыз байланыстар орнатылған.

Жапония Үкіметі ҚР-ға Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) арқылы қайтарымсыз көмек көрсетеді және Жапонияның Сыртқы істер министрлігі бағыты бойынша мәдени гранттар бөледі.

1997 жылдан бастап Жапония Үкіметінің «Өсімдіктердің тамырлары» (Корни травы) адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды емес әлеуметтік жобаларға қайтарымсыз көмек көрсету бойынша бағдарламасы жұмыс істейді. 19 жыл ішінде жалпы құны 5,8 млн. доллардан асатын жобалар іске асырылды.

2002 жылдан бастап Алматыда бизнес-тренингтер, жапон тілі курстары мен т.б. мәдени іс-шаралар жүргізілетін Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығы жұмыс жасайды.

Соңғы жылдар ішінде бірқатар қазақстандық және жапондық университеттері, сондай-ақ ғылыми зерттеу орталықтары арасында тығыз ынтымақтастық орнатылған.


Қосылған : 4.12.2013, 11:47, Өзгертілген : 12.02.2019, 17:40