ҚР Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Иран және Әзербайжан арнайы өкілдерімен кездесті


2019 жылғы 16 және 17 қыркүйекте Баку қаласында Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Аманжолова Иран Ислам Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі өкілетті өкілі Н. Ахаримен және Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Каспий теңізі мәселелері жөніндегі өкілетті өкілі Халаф Халафовпен екіжақты консультациялары өткізді.

Кездесулерде Каспий маңы мемлекеттері басшыларының тапсырмаларын және Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі салаларын реттейтін бес жақты келісімдердің жобалары бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Қосылған : 18.09.2019, 12:20, Өзгертілген : 18.09.2019, 12:20