​ҚР СІМ Арнайы өкілі «Кабул процесі» аясында халықаралық конференцияға қатысты

28 ақпанда Ауғанстан астанасында «Кабул процесі» аясында «Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ынтымақтастық» тақырыбында екінші халықаралық конференция өтті.

Екі негізгі мәселе бойынша талқылауға ерекше назар аударылды: халықаралық қоғамдастықпен Ауғанстандағы бейбітшілік пен татулыққа қол жеткізу және терроризмге қарсы әрекет ету саласындағы бірлескен шараларды қабылдау.

Конференцияға НАТО-ны қоса алғанда аймақтық және халықаралық ұйымдар мен 25 ел делегациялары қатысты, Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрлігінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Станислав Василенко және Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елші Өміртай Бітімов қатысты.

Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани қарулы оппозиция өкілдері «Талибан» қозғалысын бейбіт келіссөзге шақырды, ол үкіметтің ымыраға келу туралы негізгі жеті ұсынысын ұсынды: «Талибан» қозғалысын саяси партия ретінде тану, атысты тоқтату, өтпелі сенім шаралары және кең ауқымды сайлау өткізуге жол ашу, Ауғанстан Конституциясын қайта қарау немесе оған түзетулер енгізу, әділ сот төрелігін жүзеге асыру, шағымдарды қарау мен заңның орындалуы.

Баяндамашылар бейбітшілікке, ымыраға келуге, ағайындылар бірін-бірі өлтіретін соғысты тез арада тоқтатуға және «Талибанмен» бейбіт келіссөздерді бастауға шақырды. Батыс елдерінің өкілдері әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтау мәселелерін көтерді.

Пікірталас нәтижесінде Кабул декларациясы қабылданды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Арнайы өкілі өз сөзінде Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша барлық күштерін қолдайтындығын білдірді. Ол еліміздің Ауғанстанмен ынтымақтастықтың түрлі салаларында осы бағыттағы нақты қадамдарын атап өтті: экономика, білім беру, гуманитарлық мәселелер және т.б.

Жалпы алғанда форум Кабулдың қарулы оппозиция – талибтармен бейбіт процесті бастау бойынша жаңа көзқарастарын көрсетті, сонымен қатар Ауғанстандағы жағдайды реттеуге мүдделі қатысушы елдер мен ұйымдар осы мәселеде өздерінің қолдауын тағы да бір рет растады.

Қосылған : 1.03.2018, 23:55, Өзгертілген : 1.03.2018, 23:55