2016 жылғы құқықтық мониторингі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 468 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жайларды және құқықтың ескірген нормаларын айқындау, оларды іске асыру тиімділігін бағалау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу және оларды күші жойылған деп тану жөніндегі шаралар қабылдау мақсатында, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тұрақты негізде заңға тәуелді актілердің мониторингін жүргізеді.

«2016 жылға арналған Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 11-1-2/550 бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы қаңтар-сәуір айлары кезеңінде ҚР СІМ 46 нормативтік құқықтық актісіне қатысты құқықтық мониторинг жүргізілді.

Құрылымдық бөлімшелердің келіп түскен ақпаратын ескере отырып, аталған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 17 нормативтік құқықтық акті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіруге жатқызылады. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген 17 нормативтік құқықтық актілердің сәйкес келтірілгендері – 16 (94%), сәйкес келтіруді талап ететіндері - 1 нормативтік құқықтық акт. Оның ішінде:

«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысы.

Қағиданың 20-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құқықтық мониторингі нәтижесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолданған.

Қосылған : 29.01.2017, 13:21, Өзгертілген : 29.01.2017, 13:23