2018 жылғы 21-22 сәуірде Ауғанстанда орын алған террористік әрекеттерге байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан 2018 жылғы 21-22 сәуірде Ауғанстанда орын алып, әйелдер мен балаларды қоса алғанда, көптеген бейбіт азаматтардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды.

Көптен-көп зардап шеккен ауған халқы осы жолы ДАИШ жүзінде халықаралық терроризм тарапынан жүзеге асырылған және сайлаудың алдындағы Ауғанстандағы ахуалды тұрақсыздандыруға мақсат еткен арсыз және қатал әрекеттерге тап болды. Халықаралық террористік ұйымдар содырлары тарапынан жүзеге асырылған осындай әрекеттерінің Қабыл тарапынан елдегі ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағыттаған бастамаларына кедергі келтірмейтініне кәміл сенеміз.

Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады. Адамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет.

Қаза тапқандардың жанұялары мен жақындарына, Ауғанстанның халқы мен үкіметіне азалы көңіл білдіре отырып, жарақаттанғандардың тез арада сауығуын тілейміз.
Қосылған : 24.04.2018, 09:00, Өзгертілген : 24.04.2018, 09:00