Сыртқы істер министрлігінде араб елдерімен туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде араб елдерінің Елшілерімен туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері жөніндегі «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Мысыр, Иордания, Ирак, Қатар, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты. Қазақстандық тараптан Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері қатысты. 

Бұл іс-шараны өткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы елдің туристік саласын шет елдермен дамыту жөніндегі логикалық жалғасы болып табылады.

«Дөңгелек үстелдің» күн тәртібі визалық және көші-қон режимдерін ырықтандыру, тікелей әуе қатынастарын ашу, және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді қамтыды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері өз баяндамалары барысында дипломатиялық корпус өкілдерін өзге мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, әңгіме визалық және көші-қон режимдерін ырықтандыру, қазақстандық компаниялардың шет елдегі халықаралық туристік іс-шараларға қатысуы, отандық туристік секторға инвестициялар тарту, Қазақстан мен араб елдері арасында тікелей әуе қатынастарын ашу туралы болды.Іс-шара шеңберінде шетелдік қатысушылар Қазақстанда туризмді дамытудың озық тәжірибесімен танысты. Атап айтқанда, «Kazakh Tourism» өкілі компания қызметі, сондай-ақ туристік нысандарды ілгерілету және дамыту жөніндегі жұмыс туралы әңгімелеп берді.

«Kazakh Invest» өкілдері өңірлік жобаларды таныстырып, елдің туристік секторына инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысқа ерекше назар аудара отырып, дипломатиялық миссиялардың басшыларын шетелдік инвесторлармен жүргізіліп жатқан жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Араб дипломаттары, өз кезегінде азаматтары визасыз немесе электрондық туристік виза арқылы Қазақстанға келу мүмкіндігіне ие араб елдерінің санын көбейтуге қатысты виза көші-қон мәселелерін шешу; визасыз транзиттік жол жүру уақытын ұзарту; туристік визаны беру уақытын азайту қажеттілігіне назар аударды.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары Қазақстаның өңірде барынша танымалдығын қамтамасыз ету және араб елдерінен туристтер ағымын ұлғайту үшін бірқатар визалық және көші-қон мәселелерін шешу, әуе байланыстарды дамыту, сондай-ақ таныстырылымдық-имидждік шаралар қабылдау қажеттілігі туралы пікірге келді. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша дипломатиялық корпус өкілдері Қазақстанның араб елдерімен ынтымақтастықты белсендету мәселелері бойынша өз ұсынымдарын берді.

Қосылған : 11.09.2019, 19:00, Өзгертілген : 11.09.2019, 19:00