​Токиода «Орталық Азия + Жапония» Диалогының Аға лауазымды тұлғаларының 13-ші кездесуі өтті

ТОКИО, 2018 жылғы 27 қараша - ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді және ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев «Орталық Азия + Жапония» Диалогының Аға лауазымды тұлғаларының 13-ші кездесуіне қатысты.

Кездесуде өңірлік қауіпсіздік, туризм, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, сауда және инвестиция салаларындағы Орталық Азия елдері мен Жапония арасындағы практикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар жақын арада Тәжікстанда өтетін «Орталық Азия + Жапония» Диалогы Сыртқы істер министрлері 7-ші кездесуінің күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Кездесудің қатысушыларына субконтинентте ортақ қауіпсіздік аймағын құруды көздейтін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру туралы бастамасы таныстырылды. Осыған қоса, қазақстандық делегация Орталық Азия елдерінде шекарааралық ынтымақтастық аймақтық орталықтар желісін құруды, Жапониядан Ляньюньган теңіз портындағы қазақстандық-қытайлық терминал арқылы Еуропаға дейін контейнерлер тасымалы сынағын өткізуді және Орталық Азия аймағындағы трансшекаралық су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін қарауды ұсынды. Жапонияның экономикалық және технологиялық әлеуетін ескере отырып, қазақстандық тарап Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына және «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына жапондық компаниялардың қатысуына қызығушылық танытты.

М. Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Тошико Абэмен, Жапонияның Сыртқы істер вице-министрі Кенжи Ямадамен және Қазақстанмен Достық парламенттік лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесулер өткізді. Оның барысында екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі тақырыптар талқыланды. М. Тілеуберді Жапонияны «Біздің өмірімізге лайықты болашақ қоғам құру» тақырыбындағы Осакада «EXPO-2025» халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғанымен құттықтап, Астанадағы «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудегі Қазақстанның тәжірибесін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлібек Бакаев 2018 жылдың желтоқсанында Душанбеде өтетін Орталық Азия + Жапония диалогы жөніндегі Министрлер Кеңесінің 7-ші отырысының қорытынды құжатына қатысты.

2004 жылдан бері өткізілетін «Орталық Азия + Жапония» Диалогының мақсаты 5 негізгі бағыттағы ынтымақтастықты іске асыру болып табылады: олар саяси диалогты, өңірішіндегі өзара іс-қимылды дамыту, бизнесті ынталандыру, зияткерлік диалогты, мәдени байланыстар және гуманитарлық алмасуды қамтиды.

Қосылған : 28.11.2018, 17:00, Өзгертілген : 28.11.2018, 17:00