БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы

БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІ ЖӘНЕ БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫ

Қазақстан Республикасы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесімен (БҰҰ АҚК), БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен (БҰҰ АҚЖКБ) және басқа да БҰҰ жүйесінің құқық қорғау тетіктерімен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды.

ҚҚТ адам құқықтары саласындағы жаһандық стандарттарды белгілеу және халықаралық құқық қорғау қызметін үйлестіру жөніндегі ең маңызды институт.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқаратын БҰҰ АҚЖКБ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Оның негізгі мандатымен қатар АҚЖКБ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес үшін хатшылықтың, БҰҰ шарттық органдарының (сарапшылар комиттері) функцияларын және БҰҰ арнайы рәсімдерін (барлығы 57, соның ішінде 43 тақырыптық және 14 елдік мандаттар) орындайды.

Қазақстан БҰҰ шарттық органдарымен қарым-қатынасына ерекше назарын аударады, осыған орай, Адам құқықтары бойынша комитетінің, Нәсілдік кемсітушіліктін барлық түрін жою жөніндегі комитетінің, Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою жөніндегі комитетінің және Азаптауларға қарсы комитетінің құзыреттілігі мойындалды.

Шарттық органдар мемлекеттердің ратификацияланған халықаралық құқық қорғау конвенцияларына сәйкес өз халықаралық міндеттемелерін сақтауына бақылау жүргізуге арналған.

Қазақстан Республикасы келесі ұлттық баяндамаларды шарттық органдарға ұсынды: 2014 жылы – БҰҰ Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетіне 6-шы және 7-ші баяндамалар, Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық түрін жою жөніндегі комитетіне 3-ші және 4-ші баяндамалар, Азаптауларға қарсы комитетіне 3-ші баяндама; 2015 жылы - БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетіне 4-ші баяндама; 2016 жылы - Күштеп жоқ қылып жіберу жөніндегі комитетіне алғашқы баяндама, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне 2-ші баяндама. Қазақстан 2017 жылы БҰҰ Мүгедектердің құқықтары бойынша комитетіне алғашқы ұлттық баяндамасын ұсынды.

2009 жылы барлық БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Арнайы рәсімдерінің мандаттарын ұстаушыларға тұрақты шақыру жолдағаннан бері елімізге БҰҰ Соттар мен адвокаттар тәуелсіздігі жөніндегі арнайы баяндамашы (2004 ж.); БҰҰ Адам құқықтары және терроризм жөніндегі арнайы баяндамашы (2006 ж.); БҰҰ Азаптаулар мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашы (2009 және 2010 жылдар); БҰҰ Азшылықтар мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшы (2009 ж.); БҰҰ Жеткілікті тұрғын үй туралы мәселе жөніндегі арнайы баяндамашы (2010 ж.); БҰҰ Білім алуға құқық жөніндегі арнайы баяндамашы (2011 ж.); БҰҰ Құлдықтың қазіргі заманғы нысандары, оның себептері мен салдарлары мәселесі жөнінде арнайы баяндамашы (2012 және 2014 жылдар); БҰҰ Дін немесе сенім еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашы (2014ж.); БҰҰ Бейбіт жиналыс еркіндігі және ассоциация құқығы туралы мәселе жөніндегі арнайы баяндамашы (2015ж.); БҰҰ Улағыш және қауіпті қалдықтар мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашы (2015 ж. наурыз - сәуір); БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашы (2017 ж. қыркүйек) сапар шекті. Сонымен бірге, 2016 жылы БҰҰ Азаптауларға қарсы кіші комитетінің іс-сапары орын алды.

Қазақстан Республикасы 2013 – 2015 жылдар аралығында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болды, ал 2015 жылы Қазақстан Азия-Тынық мұхит тобынан Кеңестің Вице-төрағасы лауазымында қызмет етті.


Қосылған : 4.12.2013, 19:32, Өзгертілген : 5.03.2018, 10:35