Астанада ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері, Қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті

АСТАНА, 2018 жылғы 8 қараша - Қазақстан Республикасының төрағалығымен Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан өкілдерінің қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері, Қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіне халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті, әскери ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған мәселелер кірді.

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының сол күні өткізілетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында қарастыру үшін мемлекет және үкімет басшыларына ұсынылатын бірқатар құжаттар келсілді. ҰҚШҰ байқаушылары мен әріптесі мәртебесі туралы, Ұйымның дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының ашылуы туралы және бірқатар басқа да маңызды практикалық мәселелер туралы шешім қабылданатыны күтілуде. Биылғы саммиттің қорытынды құжаты ретінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы болады.

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері, Қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің келесі бірлескен отырысы 2019 жылы осы форум барысында төрағалықты қабылдаған Қырғыз Республикасында өтеді.

Қосылған : 8.11.2018, 16:20, Өзгертілген : 8.11.2018, 16:20